Energo University UNIX студенттік клубы Jas Gala шығармашылық байқауында жеңіске жетті

Energo University UNIX студенттік клубы Jas Gala шығармашылық байқауында жеңіске жетті

26.12.2023 Барлық жаңалықтар


23 желтоқсанда қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы студенттер Альянсы ұйымдастырған Jas Gala шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Energo University UNIX студенттік клубы бес номинацияның бірінде бірінші орын үшін марапатқа ие болды.

            Jas Gala байқауына Алматының 23 жоғары оқу орнынан 700-ден астам студент қатысты. Жарыс бес номинация бойынша өтті: «Вокал», «Хореография», «Мобилография», «Аспаптық орындау», «Театр». Жоғары бәсекелестік Energo University UNIX студенттік клубына кедергі болған жоқ. Біздің студенттер «Аспаптық орындау» номинациясында бірінші орын алып, өз дарындары мен кәсібилігін тағы да растады.

            Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты - жас ұрпақ арасында адамгершілік құндылықтарды, жоғары эстетикалық және зияткерлік талғамды қалыптастыру. Жүлделі орындардың барлық иегерлері ақшалай сертификаттар алды.

– Бұл жеңіс — өз идеяларын жүзеге асырып, бірінші орынға лайықты ие бола алған жастарымыздың еңбегі мен шығармашылық әлеуетін мойындау, - деп атап өтті Energo University Жастар саясаты департаментінің директоры Еликбай Каби. — Мұндай оқиғалар студенттер өмірінде маңызды рөл атқарады, студенттер қауымдастығының ақылақтық рухын көтереді және шығармашылық даму үшін тиісті жағдай жасайды. UNIX студенттік клубын жеңісімен құттықтаймыз және осы тамаша ұжымға шығармашылық табыс пен жарқын идеялар тілейміз!