Energo University студенті Huawei ICT Competition халықаралық білім беру байқауында жеңімпаз атанды

Energo University студенті Huawei ICT Competition халықаралық білім беру байқауында жеңімпаз атанды

22.12.2023 Барлық жаңалықтар


Құрамына Energo University-дің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының IV курс студенті Николай Жиляков кірген қазақстандық команда «Huawei ICT Competition» беделді халықаралық байқауында жеңіске жетті. Жарыс 19 мен 21 желтоқсан аралығында Бахрейн Корольдігінде өтті.

Байқауға Таяу Шығыс пен Орталық Азияның 11 елінен 20 ұлттық команда қатысты. Қазақстан атынан «Computing Track» және «Cloud Track» бағыттары бойынша екі құрама қатысты. Екеуі де жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Құрамына Energo University-дің студенті Жиляков Николай, Yessenov University-дің студенті Утебай Оралбай және KBTU-дың студенті Сарсенбай Даниял кірген Команда «Сomputing Track» бағытында гран-при жеңіп алды. Енді жеңімпаздар Қазақстанды 2024 жылғы мамырда Қытайда өтетін жаһандық финалда таныстыратын болады.

Анықтама:

ICT Competition Huawei ICT Academy бағдарламасының таланттарды дамытуға және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мамандарды даярлауға бағытталған маңызды элеметтерінің бірі болып табылады. Байқау дүние жүзі бойынша бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді, бұл бүкіл әлемдегі студенттер мен кәсіпқойлар арасында білім, тәжірибе және идеялармен алмасу алаңы болып табылады.

Energо University-де талантты студенттерді даярлау мақсатында 2019 жылдан бастап Huawei IT Academy ашылды. Оқытуды сертификатталған оқытушылар - Татьяна Голубева мен Виктор Тайлаков жүргізеді. Huawei компаниясы екі оқытушыны Қазақстандағы үздік нұсқаушылар ретінде таныды.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты