Energo University-де жылдың спорттық қорытындысы шығарылды

Energo University-де жылдың спорттық қорытындысы шығарылды

29.12.2023 Барлық жаңалықтар


Жаңа жыл қарсаңында Energо University-де университет спортшыларына құрмет көрсетілді. Жылдың
спорттық қорытындысын шығаруға арналған салтанатты жиналыс университеттің акт залында өтті және
спорттық өмірдің барлық белсенді қатысушыларын жинады.

Бүгінгі таңда Energo University өз спортшыларымен және олардың спорттық жетістіктерімен мақтана алады.
Осылайша, биыл құрылған жаттықтырушы Николай Бочарников бастаған футзал командасы Қазақстан
Республикасының чемпиондары атағына қол жеткізді. Баскетболдан (жаттықтырушы Аскар Хаирлиев) және
волейболдан (жаттықтырушы Виталий Эрдштейн) басқа ойын спорт түрлерінен құрама командалар тамаша
нәтижелер көрсетеді. Айтпақшы, биыл Energо University-де алғаш рет университетіміздің ректор кубогына
арналған Студенттік волейболдан қалалық жарыстар өтті, онда біздің команда қажырлы күресте 3-орынға ие
болды. Алдағы жылы волейболшылар қалалық студенттік волейбол лигасын құрып, чемпионаттар өткізуді
жоспарлап отыр.
Өткен жылы біздің шахматшылар (университет құрамасының жаттықтырушысы Александр Катанаев) және корн-
холл құрамасы (Жастар Алматы қаласында өткен турнирде бірінші орынды иеленді), сондай – ақ жеке спорт
түрлерінде өнер көрсететін спортшылар - шаршы дойбы, дзюдо, еркін күрес, пауэрлифтинг, джиу-джитсу,
гандбол, қазақ күресі, самбо, бокс, грек-рим күресінен жақсы нәтиже көрсетті.
Energо University-дің ректоры Мурат Сыздыков спортшылар мен олардың тәлімгерлерін құттықтап, келер жылы
жаңа жетістіктер мен табыстар тіледі. Сондай-ақ, ол университет басшылығы студенттердің барлық бастамалары
мен жетістіктеріне әрқашан мұқият қарайтынын және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
ЖОО-ның аумағында спорттық жарыстар өткізуді қамтамасыз ететін спортшылар, олардың тәлімгерлері, сондай-
ақ волонтерлер алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.