08.01.2024 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті - Energo University Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының студенттері мен магистранттары шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқыту мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды жалғастыруда.
Energo University-де Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының құрылымына кіретін үш кафедра: Автоматтандыру және басқару, IT-инженерия және Киберқауіпсіздік базасында оқитын студенттер мен магистранттар осы оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде білім алуда.
Осылайша, екі студент - Мухаммет Сыдыков пен Есбол Кыдырбаев Ыстамбұлдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі - Алтынбаш университетін таңдады. Мухаммет Сыдыков Алматы энергетика және байланыс университетінде «Ақпараттық қауіпсізік жүйелері» білім беру бағдарламасында, ал студент Есбол Кыдырбаев - «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша білім алады.
Ал Дархан Сулейменовты («Автоматтандыру және басқару») академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа нұсқа қызықтырды. Ол қазір Польшада және осы семестрді Люблин Политехникалық Университетінде өткізеді.
Академиялық ұтқырлық бойынша білім алу мүмкіндігін біздің университеттің тіпті магистранттары да қолдана алады. Мысалы, «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының магистранттары Жансая Кинесова және Нурсултан Султанулы Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы гранттарының иегерлері атанып, қазір Жилина қаласының университетінде білім алып жатыр.
Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының тағы үш магистранты Германияның қолданбалы ғылымдарының жетекші университеттерінің бірі – Анхальт университетінің гранттарының иегері болды және қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігін пайдаланды. Бұл Марлен Косаков пен Ерулан Сайнуллаев (екеуі де «Ақпараттық технологиялар» бағдарламасы бойынша білім алады) және Тоты Котиева («Автоматтандыру және басқару») магистрлік диссертацияны қорғағаннан кейін қазақстандық Energo University дипломымен бірге Anhalt University неміс дипломын да алады.
Бұл ретте Energo University Халықаралық ынтымақтастық бөлімі мен Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының серіктестігі алыс шетел университеттерімен байланыстармен шектелмейді. Мысалы, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты Н.Бауман атындағы ММТУ және «ЛЭТИ» Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университеті сияқты Ресейдің жетекші университеттерімен ынтымақтастық орнатқан.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «ЛЭТИ»-ге көктемгі семестрге «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының 5 студенті: Анастасия Зезева, Анастасия Кашицына, Абылай Аманай, Надин Шустов и Никита Непша барады. Олар Санкт-Петербурте «Автоматты басқару жүйелері» кафедрасында оқитын болады.
Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты