05.04.2020 Барлық жаңалықтар
Студенттердің кәсіподақ комитетімен республикалық «Biz birgemiz» акциясын қолдау аясында карантин кезінде жатақханада қалған балалар үшін акция өткізілді.
2020 жылдың 4 сәуірінде Студенттердің кәсіподақ комитетімен республикалық «Biz birgemiz» акциясын қолдау аясында карантин кезінде жатақханада қалған балалар үшін акция өткізілді.
27 басқа қаладан келген студенттер үйлеріне қайтпай, Алматыда қалу туралы қиын шешім қабылдады, себебі бұл оларға қашықтықтан білім алуға жақсы мүмкіндік берді. Олардың барлығы бұрын әртүрлі жатақханаларда тұрды, бірақ карантинге байланысты қазіргі уақытта №2 жатақханаға орналастырылды.
Бұл туралы білген университет еріктілері жағдайдан шет қалмай, балаларға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады: медициналық маскалар мен азық-түлік жиынтығын сатып алуды ұйымдастырды.
Таңертең еріктілер қажетті тауарлар тізімін алып, түске қарай жатақханаға келді. Нәтижесінде әр студентке:
- медициналық маскалар;
- 5 литр су;
- қораптағы пакеттелген шай;
- картоп;
- пияз;
- макарондар;
- тұз;
- қант;
- күнбағыс майы;
- томат пастасы;
- дәмдеуіш;
- жұмыртқа;
- дәретхана қағазы берілді.
Университеттің студенттік белсенділері жаңа сырқатты тек бірге болған жағдайда ғана жеңе алатынына нық сенеді! Осындай қиын уақытта, коронавируспен күресудің осындай қиын кезеңінде күш-жігерімізді біріктіріп, мұқтаж адамдарға қолдау көрсету, туған үйінен жырақта жүрген балаларға мейірімділік пен қамқорлық таныту өте маңызды.
БІЗ ӘРҚАШАН ЖАНЫҢЫЗДАМЫЗ!
АЭжБУ ДЕ СІЗДІҢ ОТБАСЫҢЫЗ ЕКЕНІН ҰМЫТПАҢЫЗ!
#БІЗБІРГЕМІЗ!