03.06.2024 Барлық жаңалықтар
Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) коммуникация және ғарыштық инженерия институтының негізінде «Робототехника және мехатроника» атты жаңа бакалавриат білім беру бағдарламасы іске қосылды, оқу мерзімі – үш жыл.
Оқу бағдарламасы студенттерге робототехника, мехатроника және ұшқышсыз ұшу аппараттары үшін электроника жобалауы сияқты алдыңғы қатарлы салаларда терең білім алып, тәжірибелік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Курс арнайы тақырыптарды қарқынды меңгеруге бағытталған, бұл студенттерге таңдаған бағыттарында жылдам эксперттік деңгейге жетуге және жоғары технологиялар саласында табысты мансапты бастауға мүмкіндікті береді.
Мектеп бітіргеннен кейін бірден «В064-Механика және металды өңдеу» білім беру бағдарламалары тобына кіретін «6B07117-Робототехника және мехатроника» білім беру бағдарламасына түсуге болады. ҰБТ пәндерінің комбинациясы: физика және математика, өту балы – 60.
Анықтама: Мехатроника – бұл жасанды интеллект арқылы басқарылатын машиналарды зерттеу және әс-тәжірибеде құруды қамтиды. Робототехника – бұл кез келген процестерді автоматтандыра алатын роботтар мен роботталған жүйелерді әзірлеу және құрастыруды қамтитын ғылыми сала.