03.06.2024 Барлық жаңалықтар
Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) қызметкерлері Германияның Анхальт қолданбалы ғылымдар университетіндегі серіктестерімен бірге Алматы облысының Шелек дәлізіндегі «Энергия Семиречья» ЖШС жел электр станциясына барды.
Делегация құрамына оқытушылар, неміс өнеркәсіпшілері, электр энергетика жобаларының жетекшілері және магистранттар кірді.
«Энергия Семиречья» ЖШС – бұл Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны, оның акционерлері Қытайдың мемлекеттік «Power China» корпорациясы және Қазақстанның мемлекеттік энергетикалық холдингі «Самрұқ-Энерго» АҚ болып табылады. Компания жел электр станцияларын (ЖЭС) салумен және пайдаланумен айналысады.
«Энергия Семиречья» басқарушы директоры Козлов Алексей қонақтарды жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаны жүзеге асыру тәжірибесімен таныстырып, қуаты 60 МВт жел электр станциясын орнату және пайдалану ерекшеліктері туралы айтып берді, сондай-ақ оның жұмыс істеуінің негізгі кезеңдерімен: жел қондырғыларының элементтерін өндіруден бастап жел саябақтарын пайдалануға дейін және күнделікті электр энергиясын өндіруді бақылау туралы баяндады.
ЖЭС қызметкерлері жел паркі жұмысының талдауын жасау және қызметкерлердің жедел әрекет етуі үшін ақпаратты нақты уақыт режимінде жинауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысын көрсетті.
«Осындай экскурсиялар, ЖЭК нысандарына баруды және энергетика саласының мамандарымен жеке қарым-қатынас жасауды қамтитын, оқытушылар мен студенттерге өзекті ақпарат алуға және «жасыл» технологиялар туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Energo University Энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Бегимбетова Айнур.
Анықтама:
Energo University 2018 жылдан бері Анхальт университетімен тығыз ынтымақтастықта болып, энергетика, радиотехника және автоматтандыру салаларында бірнеше бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.