07.06.2024 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде (Energo University) коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының негізінде әлемдік әйгілі өнеркәсіп роботтарын өндіруші KUKA компаниясының оқу зертханасы ашылды. Бұл зертхана «Робот техникасы және мехатроника» білім беру бағдарламасының студенттерін оқытуға арналған.
KUKA-неміс компаниясы, өнеркәсіптік роботтардың ең ірі өндірушілерінің бірі. Бүгінгі күні оның роботтандырылған жүйелері көптеген өндірістерге, соның ішінде Қазақстанда да интеграцияланған.
Қазіргі уақытта жұмыс үдерістеріне роботтарды белсенді енгізу нәтижесінде оларды бағдарламалау және қызмет көрсету бойынша мамандардың жетіспеушілігі байқалуда. АЭжБУ KUKA зертханасы KUKA KR4 R600 манипулятор роботының негізінде оқу ұяшығымен жабдықталған. Бұл ұяшықтағы роботты басқару KUKA өнеркәсіп роботтарын басқаруға ұқсас.
Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Нығыметов атап өткендей, жаңа зертхана студенттерге кең мүмкіндіктер ашып, оларға заманауи технологияларды меңгеруге және университетті аяқтағаннан кейін бірден күрделі, бірақ таныс жабдықтармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бір қызығы, «Робот техникасы және мехатроника» білім беру бағдарламасы аясында сұранысқа ие мамандықты үш жылдың ішінде игеруге болады.