40 жылдан кейін: Алматы энергетика және байланыс университетінде түлектер кездесті

40 жылдан кейін: Алматы энергетика және байланыс университетінде түлектер кездесті


11.06.2024 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде (Energo University) 7 маусымда 40 жыл бұрын ЖОО-ны бітірген электр энергетикасы факультеті түлектерінің мерейтойлық кездесуі өтті.

ЭСС-79-1,2,3,4, ЭПП-79-1,2,3,4 және РТ-79-1,2,3, топтарының түлектерінің кездесуі Аlumni club қозғалысын дамыту шеңберінде түлектермен жұмыс офисі мен энергетика және жасыл технологиялар институтының қолдауымен өтті.

1984 жылы сол кездегі Алматы энергетикалық институтын бітірген 20-дан астам адам бірнеше сағат бойы өздерінің студенттік естеліктеріне шомып, өздерін алаңсыз студенттер сияқты сезіне алды. Олар үшін университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның аясында түлектер зертханалық аудиторияға барып, өздерінің алғашқы ғылыми қадамдарын жасаған жерлерін еске алды. Сондай-ақ, ескі күндердегідей, олар дәріс залдарында қайтадан парталарға отырды. Бірақ ең бастысы-олар бір-бірін көре алды, студенттік жастықты, оқудың қиын, бірақ қызықты сәттерін, оқытушылармен қарым-қатынасты және жатақханадағы қызықты өмірді еске түсірді.

АЭжБУ түлектерімен жұмыс офисінің басшысы Зарема Абдуллина қонақтарға «Түлектер Қауымдастығының» қызметі туралы презентация ұсынды. Ол қауымдастық тұжырымдамасы туралы айтып, университет әрқашан түлектеріне көмектесуге дайын екенін және олардың кез келген қолдауын қабылдауға қуанышты екенін атап өтті.

Кездесуге қатысқан түлектердің арасында біздің университеттің қазіргі қызметкерлері - АЭжБУ колледжінің директоры Маликжан Мамежанович Аршидинов, Электр энергетикасы кафедрасының оқытушысы Михаил Владимирович Башкиров және инженериядағы экология және менеджмент кафедрасының оқытушысы Тоты Сабировна Санатова да болды.

Кездесу соңында барлық түлектер біздің Альма Матердің дамуына қосқан үлестерін мойындау және құрметтеу үшін университеттен сыйлықтар алды.

— Бұл кездесу университет жылдары тек оқу уақыты ғана емес, сонымен қатар өмір бойы жалғасатын берік және ұзақ мерзімді қарым - қатынастар орнатылатын уақыт екендігінің тағы бір дәлелі болды, - деп атап өтті Зарема Абдуллина. - Барлығына қатысқаны үшін алғыс айтамыз және жаңа кездесулерді күтеміз! Университеттің күші-оның түлектерінде!

ENERGO UNIVERSITY