Energo University Орал федералды университетімен «Энергетика» бағыты бойынша ынтымақтастық нұсқаларын талқылады

Energo University Орал федералды университетімен «Энергетика» бағыты бойынша ынтымақтастық нұсқаларын талқылады


17.06.2024 Барлық жаңалықтар


Осы жылдың көктемінде қол қойылған Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті және Б. Ельцин атындағы Орал федералды университеті (Екатеринбург, Ресей) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Energo University-дің профессорлық-оқытушылық құрамының ОФУ Орал энергетикалық институты директорының орынбасары Сергей Кокинмен кездесуі өтті.

Әріптестер «энергетика» бағыты бойынша - оқытушылар, студенттер мен ғалымдар үшін тағылымдамадан бастап халықаралық гранттық жобаларға қатысу мақсатында консорциум құру мүмкіндігіне дейінгі ынтымақтастық нұсқаларын талқылады.

Сонымен қатар, ОФУ профессоры Energo University-дің озық оқу зертханаларымен: Siemens компаниясының Орталық Азиядағы жалғыз релелік қорғау оқу орталығымен, Қазақстандағы алғашқы цифрлық энергетика қажеттіліктері үшін мамандар даярлау жөніндегі ENERGYNET.LAB білім фабрикасымен, сондай-ақ USAID-тің «Power the Future» өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ашылған жаңартылатын энергетика жөніндегі ғылыми зертханаларымен танысты.

ENERGO UNIVERSITY