15.07.2024 Барлық жаңалықтар
Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілдерімен Energо University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) жоғары білім, ғылым және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық нұсқалары талқыланды.
Energo University-дің атынан кеңеске академиялық қызмет жөніндегі проректор Айбек Жупанхан, цифрландыру және инновациялар жөніндегі бас директор Олжас Махамбетов және институт өкілдері қатысты. Қытай тарапынан бұрын АЭжБУ-да болған ғылым және техника жөніндегі консул Чжан Вэй және жаңадан тағайындалған білім беру жөніндегі консул Хуан Сяоминь қатысты.
Тараптар Қытайдың жетекші университеттерімен және жоғары технологиялық компанияларымен ынтымақтастық мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылап, Energo University-дің қазірдің өзінде бірқатар Қытай корпорацияларымен нәтижелі жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сонымен, ЖОО базасында Қазақстандағы ең мықты Huawei АКТ академиясы жұмыс істейді, біздің оқытушылар оның сертификатталған оқытушылары болып табылады, ал оның базасында оқитын студенттер жыл сайын Huawei халықаралық жарыстарында жүлделі орындарға ие болады. Қазіргі уақытта әлемдегі жетекші өндіруші және бейнебақылау саласындағы шешімдерді әзірлеуші тағы бір қытайлық Dahua Technology компаниясымен Energo University-дің базасында арнайы оқу зертханасын ашу бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.