Energo University мен Алматы электр станциялары ынтымақтастықты дамытуда

Energo University мен Алматы электр станциялары ынтымақтастықты дамытуда


16.07.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Түлектермен жұмыс істеу офисі «Алматы электр станциялары» АҚ және «Энергоремонт» ӨЖБ ұжымдарымен кездесулерді өткізді.

Көпшілігі АЭжБУ түлектері болып табылатын компания қызметкерлеріне университеттің Түлектер қауымдастығы мен оның жанындағы Alumni club Energo туралы ақпарат берілді.

Түлектермен жұмыс істеу офисінің басшысы Зарема Абдуллина жиналғандарға университеттің түлектеріне ұсынатын мүмкіндіктер туралы айтып, сондай-ақ талапкерлер мен олардың ата-аналарына пайдалы ақпаратпен бөлісті. Өйткені университеттің 50 жылға жуық тарихында оның қабырғасынан инженерлердің бірнеше ұрпағы шықты, енді олардың көптеген балалары мен немерелері өз туыстарының жолын қуып, Energo University-ге түсуге шешім қабылдауда.

«Энергоремонт» ӨЖБ директоры Сәкен Тютебаев осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, университетке ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынып, АЭжБУ оқытушыларынан компанияның жас қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру бойынша көшпелі курстарды қоса алғанда, түрлі өзара әрекеттесу формаларын қарастыруды ұсынды.

ENERGO UNIVERSITY