Energo University студенттері Қазан қаласында "Летний университет" атты халықаралық жобаға қатысты

Energo University студенттері Қазан қаласында


01.08.2024 Барлық жаңалықтар


Шілде айында Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) студенттері Арай Алиярова, Нұрбек Бектұрсын, Эльнара Бигалиева, Мадияр Ельгельды, Жалғас Бекарыстан, Асан Корабаев жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар институтының оқытушысы Гульнара Наурызбаеваның қолдауымен Қазан қаласындағы (Татарстан Республикасы, Ресей) Қазан (Еділ) федералды университетінің базасында өткен "Летний университет" атты халықаралық жобаға қатысты. Осы жылы оған әлемнің 13 елінен 400 студент қатысты.

Жобаның мақсаты - мәдени құндылықтармен алмасу мен жергілікті және шетелдік студенттер арасында тұлғааралық қарым-қатынас орнату.

"Летний университет" бағдарламасында болған тректер "Жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар Prompt Engineering", "Болашақ технология: физика және инженерия", "Тіл. Мәдениет. Шығармашылық", " Сәулет. Дизайн. Урбанизм", Business analytics 5.0: Design and Development of Information Panels with Yandex Data Lens; BRICS+: New Trends in International Relations – жаңа трек, әлемдік ауқымдағы оқиғамен – БРИКС саммитімен байланысты.

Energo University студенттері "Болашақ технологиясы: физика және инженерия" және "Жасанды интеллект және Prompt Engineering ақпараттық технологиялар" тректері бойынша зертханалармен жұмыс істеді. "Сабантуй" интерактивті кешінің нетворкинг-сессиясы барысында олар "Global Village" жобасында басқа елдерден қатысқан қатысушыларға Қазақ ұлттық мәдениетпен таныстырды.

ENERGO UNIVERSITY