Energo University студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды

Energo University студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды


06.09.2024 Барлық жаңалықтар


6 қыркүйекте Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) жатақханаларында тұратын студенттер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысу үшін бірікті.

«Таза Қазақстан» акциясы жыл сайын бүкіл елде белсенді азаматтарды тартады, осы жылы Energo University студенттері бастаманы белсенді түрде қолдауға шешті. Шамамен мыңға жуық студент жатақханаларының айналасын тазалауға шығып, қоршаған ортаны қорғау және тазалық сақтау бойынша республикалық қозғалысқа өз үлестерін қосты.

Жақын арада Energo University қызметкерлері мен студенттері экологиялық акцияны оқу кампусы аумағында өткізуді жоспарлап отыр.

 

ENERGO UNIVERSITY