03.12.2024 Барлық жаңалықтар
Energо University Сеул Технологиялық Медиа Институтының (SMIT) делегациясын қабылдады.
Шетелдік әріптестер біздің университетке ынтымақтастық мақсатында келді.
Кездесу барысында IT, киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен алмасу, ғылыми қызмет түрлері, ал келешекте – екі дипломдық білім беруді енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кездесуде SMIT өкілдеріне медиа бойынша стартаптардың жұмыс тәжірибесі айтылып, осы бағыт бойынша ынтымақтастық түрі ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі жоғары оқу орнының ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды.
Анықтама: Seoul Media Institute of Technology (SMIT) — 2009 жылы құрылған Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы білім беру мекемесі. Институт сандық медиа, теледидар, интернет технологиялары, IT және киберқауіпсіздікті қоса алғанда, медиа технологиялар саласындағы білім беру бағдарламаларына маманданған.