Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің мәлімдемесіне пікірлер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің мәлімдемесіне пікірлер


27.04.2020 Барлық жаңалықтар


БІЗ БІРГЕМІЗ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің жасаған бүгінгі мәлімдемесі халықтың күрделі кезеңдегі мұң-мұқтажына құлақ асатын мемлекет екендігінің тағы бір айғағы. Біз үшін әр қазағым жалғызым демекші, әрбір Қазақстанда тұратын азаматтардың өмірі қымбат және бірімізде жауаптымыз. Сондықтан дәрігерлердің, білім беруші оқытушы-ұстаздардың еңбегі әділ бағаланып, Президентіміздің «бүгінгі күннің батырлары» дегені қоғамның қозғаушы күштері екендігінің бір көрінісі болмақ.  Ендеше мемлекетімізде дәрігерлер, ұстаздар, қарапайым еңбек адамдарының рөліне ұстаным, саясат өзгереді деген үміт пайда болды.

Мемлекет тарапынан халқымыздың әл-ауқатын ұстап тұруға қаражат бөлініп, 3 миллионға жуық азаматтарымызға қолдау көрсету ел тарихында болмаған жайт. Оның сыртында тұрмысқа қажетті заттар мен тегін азық-түлік миллионға жуық адамға беріліп жатыр. Сондай-ақ кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығымен айналысатындарға бөлінетін қаржылай қолдау бөлініп жатқандығын шегелеп айтты. Мемлекеттің бұл ұстанымы халықтың бірлігін нығайтатын нық қадамдар деп ойлаймыз.

Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі,

тарих ғылымдарының кандидаты Қабдөшев Болат Жоламанұлы

«ҚАТЕРГЕ БОЙ АЛДЫРМАЙЫҚ»

27-ші сәуір күнгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің әлемді жайлаған пандемияға байланысты мәлімдемесін Алматы энергетика және байланыс университеті профессор-оқытушылары арасында талқыға түсіп, қиын-қыстау кезеңде мемлекет басышысының халқына деген ерекше ілтипаты, ауқымды қамқорлығы ретінде бағаланып отыр. Ол қалыптасқан жағдайға байланысты халыққа жұбаныш айтып, болашаққа деген өзінің кәміл сенімін жеткізді. Халық үшін атқарылған келелі істеріміздің арқасында қиындықтан шыға алатынымызға күмән келтірмеді.

Иә, Президент Қ.К. Тоқаевтың басшылығымен атқарылып жатқан елімізге келген індеттің алдын алу шараларын жан-жақты жасалып отырғанын көріп отырмыз. Осыған орай айтарым, қазақ халқы Қазақстанда мекендейтін өзге де бауырлас ұлт өкілдерімен бірге, бүгінгі әлемді жайлаған індеттен де арыла алатынына Елбасымен, Президентімізбен Сенімдіміз, Біргеміз!

Бақдәулет БЕРЛІБАЕВ.

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс

университетінің  профессоры, тарих ғылымдарының докторы

ENERGO UNIVERSITY