Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры С. С. Сагинтаеваның пікірі

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры С. С. Сагинтаеваның пікірі


27.04.2020 Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне Ғұмарбек Дәукеев атындағыАЭжБУ ректоры С. С. Сагинтаеваның пікірі

27 сәуірде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекция жағдайы бойынша мәлімдеме жасады және жаңа карантиндік шараларды белгіледі. Осы жолы жариялаған кезекті үндеуінде Президент 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимінде жүрген ел азаматтарына қолдау көрсету мәселесіне тоқталды. Президенттің сөйлеген сөзінде ең бастысы-халықтың табысын сақтау бойынша шаралар қабылдау, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға, шағын және орта бизнеске қамқорлық көрсету, пандемиямен алдыңғы қатарлы күресте жүрген біздің дәрігерлерімізге қаржылай қолдау көрсету мәселелері болды. Жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдауға бағытталған қаражат көлемі 6 трлн теңгені құрады. Осы ретте, осы күрделі жағдайларда ешкім өз проблемаларымен "жалғыз" қалмайтынын ескерте келіп, Мемлекет ешкімді көмексіз қалдырмайтынына тоқтала кетті.

Мемлекет басшысы қол жеткізілген нәтижелерге қарап бейқамдық танытуға болмайды, себебі жағдай бұрынғысынша өте күрделі болып қала береді. "Коронавирус бүкіл әлемге шабуыл жасауды жалғастыруда. Ауырғандардың саны 3 миллион адамға жақындады, бұл сан тағы да өседі. Пандемияның екінші толқыны күтілуде"-деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Біз Мемлекет басшысының төтенше жағдай режимін ағымдағы жылдың 11 мамырына дейін ұзарту туралы шешімін қолдаймыз. Бұл дұрыс шешім барлық санитарлық нормаларды сақтауды жалғастыруды, жұмыс орындарын үнемі дезинфекциялауды жүргізуді, күнделікті өмірде әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтауды қамтамасыз етуді талап ететін қазіргі күрделі шындыққа негізделген. Карантиннің ішінара босаңсуына қарамастан жоғары оқу орындарында, колледждерде, мектептерде қашықтықтан оқыту сақталады.

Айта кету керек, АЭжБУ Қашықтықтан оқытуға 2020 жылдың 16 наурызынан бастап көшкен. Университеттің барлық қызметкерлері, оқытушы-професорлар құрамы мен студенттері білім беру жүйесінің алдында туындаған сын-қатерлерді түсіністікпен қабылдады және қойылған міндеттерді лайықты орындап шықты. Ұжым жедел түрде жұмылдырылып, барлық ресурстар мен адами және материалдық құралдар жұмылдырылды. Теориялық оқыту қашықтықтан өтті, қазір барлық білім алушылар емтихан сессиясын тапсыруға және дипломдық жұмыстарды, магистрлік және докторлық диссертацияларды қорғауға кірісуде.

Әсіресе, Мемлекет басшысының мәлімдемесінде біздің дәрігерлерге және барлық медициналық қызметкерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және адамдардың қауіпсіздігін тұрақты және жанкешті қамтамасыз ететін әскери қызметкерлерге үндеу болды. Қ. Тоқаев журналистерге және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне, азаматтарды жедел және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуді жалғастырушы, мемлекеттің тыныс-тіршілігін және дағдарысқа қарсы шаралар пакетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, біздің волонтерларымыздың тәуекелге қарамастан, күн сайын мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіп жатқандығы да ескерусіз қалмады.

Бүгінгі күнгі жағдайда біздің университет те шет қалмай, өз үлесін қосты: біздің студенттер мен оқытушылар маска ұстағыштар мен арнайы қорғаныс шлемдерін әзірледі, біз оларды ҚР фтизипульмонология Ұлттық ғылыми орталығына қайтарымсыз негізде табыстадық,сондай-ақ Алматы қаласының Жастар лофт-орталығында жедел штабтың барлық волонтерлеріне тараттық. Медицина қызметкерлері мен коммуналдық қызметке, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, оқытушылар мен мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында бірнеше челендж ұйымдастырылып, қолдау көрсетілді, Алматыда қалып қойғанкөмекке мұқтаж және басқа қалалардан, шетелден келген студенттерге әлеуметтік азық-түлік пакеттері үлестірілді.

Біздің күшіміз бірлікте!  Біз біргеміз!

Өз атымнан университеттің барлық ұжымына: осындай күрделі жағдайларда еліміздің ұлттық экономикасы үшін кадрларды даярлау сапасын арттыруға жауапты және жан-тәнімен жұмыс істейтін студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге үлкеналғыс айтқым келеді. Алматы энергетика және байланыс университеті карантин кезеңіндегі іс-қимыл стратегиясын анықтады, онда біздің  білім беру қызметінің мамандануы қысқаша, нақты және үйлесімді келтірілген:

Энергияны сақтаймыз! Қашықтықты ұстанамыз! Байланысты жетілдіреміз!

ENERGO UNIVERSITY