Академик Ш. Есенов атындағы шәкіртақы – 2020 иегерін құттықтаймыз!

Академик Ш. Есенов атындағы шәкіртақы – 2020 иегерін құттықтаймыз!


27.04.2020 Барлық жаңалықтар


Академик Ш. Есенов атындағы шәкіртақы – 2020 иегерін құттықтаймыз!

«IT-инжиниринг» кафедрасы мен Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының ұжымы, сондай - ақ білім алушылар 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының 2-курс студенті Айдана Бурабаеваны Академик Ш. Есенов атындағы шәкіртақы –   2020 ж.  иегері атанғанымен құттықтайды.

Стипендиялық конкурс жыл сайын Академик Ш. Есенов атындағы  Ғылыми-білім беру қорының бастамасымен өткізіледі және қаржыландырылады. Байқаудың мақсаты - еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бакалавриат және магистратураның үздік студенттерін қолдау және олардың қазіргі қоғам талап еткен құзыреттіліктерін дамыту арқылы Қазақстан Республикасында ғылымның дамуына ықпал ету. Айдана Бурабаева халықаралық және республикалық конкурстар мен жарыстарға белсене қатысады. 2019 жылы 7-9 желтоқсан күндері IT-Energy командасымен бірге «Hackathon Kazpost» байқауында жеңіске жетті, 2020 жылы 10 ақпанда кәсіпкерлік идеялар фестивалі аясында «Жастар бизнес-жобасы» республикалық конкурсында екінші орын алды, 2020 жылы 28 ақпанда Нұр-сұлтан қаласында Student Digital Fest республикалық конкурсын жеңіп алды, осылайша Karachaganak Petroleum Operating-та тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. 2020 жылдың наурыз айында Стамбулдағы first робот техникасы бойынша халықаралық топтық жарысқа қатысты.

Айданаға алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY