12.05.2020 Барлық жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың
11.05.2020 ж. төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзіне пікір
2020 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында елде төтенше жағдай режимінің аяқталғаны туралы мәлімдеме жасады, бұл ретте карантиндік шектеулерді алып тастау жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатынын атап өтті. Мемлекет басшысының бүгінгі сөйлеген сөзі еліміздің азаматтарына, олардың денсаулығы мен дағдарыс және дағдарыстан кейінгі даму жағдайында халықтың табысын арттыруға деген қамқорлығымен ерекшеленді.
Мемлекет басшысы айқындаған ұлттық экономиканы қалпына келтіру бойынша жеті басым міндеттердің бірі өзін-өзі қамтамасыз ету жолымен қазақстандық экономиканың құрылымын құру болып табылады. Сонымен қатар, орта мерзімді кезеңде "жасыл энергетика" жағына көшуі тиіс маңызды реформаларды энергетикалық сектор қажет ететіндігін атап өтті.
Осыған байланысты, АЭжБУ энергетика, энергиятиімді электрмен жабдықтау және энергия үнемдеу саласын цифрландыру, ЖЭК әзірлеу, эмиссиялардың экологиялық мониторингінің автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергия аудиті бойынша жобаларға қатыса отырып, осы бағытта белсенді жұмыс істеп отырғанын атап өткен жөн.
Бұдан басқа, АЭжБУ – инженерлік бағыттағы экологтарды немесе инженер-экологтарды дайындайтын (гуманитарлық бейіндегі экологтарды дайындайтын басқа жоғары оқу орындарынан бөлек) жоғары оқу орны. Дәл осы инженер-экологтар "жасыл энергетиканы" дамытуға қомақты үлес қоса алады, өйткені олардың құзыретіне кәсіпорынның қоршаған ортаға әсеріне шынайы баға беру, шығарындылардың, ағындардың, қалдықтардың пайда болу көлемдерінің нормативтерін әзірлеу, экологиялық мониторинг пен бақылаудың қазіргі заманғы әдістерін әзірлеу және енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылу себептері мен салдарын зерттеу және т.б. кіреді.
АЭжБУ-да жүргізілетін SmartGrid дамыту саласындағы зерттеулер трассалардың апаттылығын төмендетуге мүмкіндік береді, бұның қалалардың экологиялық жағдайына жанама әсер ететіндігі сөзсіз.
Жасыл энергетикаға көшудің өткір мәселелеріне назар аудара отырып, Университет энергетикалық саланы стратегиялық дамыту және заңнамалық базаны жетілдіру мәселелерін шешуге қатысады. 2019 жылдың қыркүйек айында Университет "GreenAcademy" Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексінің жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырып, ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының төмен көміртекті даму стратегиясын талқылау бойынша семинар ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауына енгізілген нақты ұсыныстарды әзірледі.
Мемлекет басшысы осы жолғы мәлімдемесінде де Білім және ғылым жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше тоқталды.
Бұдан бұрын да Президент атап өткендей, соңғы жылдары қашықтықтан оқыту әдісі жаһандық процесс ретінде қалыптасып және үнемі жетілдіруді талап ететін білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналып отыр.
АЭжБУ еліміздің барлық жоғары оқу орындары сияқты вирустың таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Қашықтықтан оқытуға көшті. Университеттің барлық қызметкерлері, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері білім беру жүйесінің алдында туындаған сын-қатерді түсініп, дайындықпен қабылдады және туындаған мәселелерді лайықты орындауда. Теориялық оқыту қашықтықтан өтті, қазір емтихандық сессия аяқталып, дипломдық жұмыстарды, магистрлік және докторлық диссертацияларды қорғау кезеңі басталады.
Мемлекет басшысы К.Тоқаевтың мәлімдемесін қолдай отырып, жоғары оқу орындарына көрсеткен ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдауы үшін министр Асхат Аймағамбетов бастаған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне және бүкіл ел үшін қиын кезеңді еңсеріп, еліміздің ұлттық экономикасы үшін білікті кадрларды даярлау міндетін адал атқарып отырған АЭжБУ оқытушы-профессорлар құрамы мен ұжымына өз ризашылығымды білдіремін.
АЭжБУ КЕАҚ ректоры,
профессор С.Сагинтаева