Батыс пен Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл

Батыс пен Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл


12.05.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 12 мамырында Тіл білімдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби бабамызға 1150 жыл» атты онлайн семинар өтті.

Навои атындағы Өзбекстан педагогикалық университетіндегі әріптесіміз Гүлбану Құмарбаеваның қатысуының арқасында семинар қалалық семинардан халықаралық формат деңгейіндегі ғылыми-тәжірибелік конференция дәрежесіне дейін шеңберін кеңейтті.

Семинар модераторы ТБ кафедра меңгерушісі М.Төлеуп, "Шетел тілдері" секциясының оқытушылары С.Есенжолова мен И.Изембаеваның және «Әлеуметтік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Е. Джаркинбаевтың  баяндамаларын тыңдағаннан кейін сөз сөйлегісі келетіндерді назарсыз қалдырмай, қатысушыларға сөз берді. Баяндамаларды басқа кафедралардан келген қатысушылар да қолдады. Әл-Фарабидің ғылымға қатысты көзқарастарына назар аударған Е. Джаркинбаев: «Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт» екенін атап өтті.

Одан кейін, ТБ кафедрасының доцент, аға оқытушылары Ғ. Шарибжанова, Д. Арыстанғалиева, Қ. Молдабаева, Г. Абдыкадырова, А. Ефимова, А. Даулетбекова, Ж. Ержанова, Л. Асылхановалар  ғалымның әр саладағы көзқарастары жайында сөз алды.

Сонымен қатар, «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасының меңгерушісі М.Ж. Байсалова ойшыл ғұламаның математика саласына үлес қосқанын атап өтті. Тағы бір айтып кететін жайт, әлеуметтанушы Г. Әбдірахматованың, Әл-Фараби ғұмырындағы ғажайып өзгерістер мен туындылар жайлы айта келе, «жастарды уақытын бос, пайдасы жоқ тірлікке емес, уақытын тиімді падалануға, біздің ұлы бабамыз Әбу Насырдың қайталанбас ғажап туындыларымен танысып содан үлгі алар жастарымыз көп болса екен» - деген ой-пікірі ерекше назарға лайық болды. Сондай-ақ, ол, ойшыл ғұламаның ғылым жіктелуі мен жаһандық ойлаудағы бірқатар еңбегін дәріптеді.

Семинарға шолуды аяқтай отырып, ғалымның «Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады. Шын білім – ақиқат, анық білім» деген сөзімен аяқтағымыз келеді.

 

ENERGO UNIVERSITY