07.10.2020 Барлық жаңалықтар
Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ қызметінің басым бағыттарының бірі - дарынды жастарды қолдау. "Математика және математикалық модельдеу" кафедрасының ұйымдастыруымен барлық мамандықтардың 1-курс студенттері арасындағы пәндік олимпиада мектептегі математика курсы саласында білім мен дағдыларды көрсетуді талап етеді. Олимпиаданың тапсырмалары студенттердің жалпы мәдениетін тәрбиелейді, олардың қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді, бұл - кәсіби дайындыққа оң әсер етеді. Олимпиаданың мақсаттары: эрудицияны және негізгі білімді тексеру; студенттердің алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі; математиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру; ең дарынды студенттерді анықтау.
"Бірінші курс онкүндігі" іс-шарасы аясында МММ кафедрасы Математика пәнінен екі тур бойынша Олимпиада өткізді:
I тур 25 қыркүйекте оқу топтарында өткізілді. Барлық мамандықтардың 1-курс студенттері қатысты. Студенттерге мектеп математика курсынан MS Teams тест түрінде құрастырылған 10 тапсырма ұсынылды.
II тур 28 қыркүйекте өтті. 250 студент қатысып, I турда 10 балдың 10-ын жинады.
Математика олимпиадасының финалы 2020 жылдың 30 қыркүйегінде (18.00-19.00) өтті. Олимпиаданың финалдық турының қатысушылары ІІ турда 5 балдың 5-ін жинаған студенттер болды:
1. Сериков Ермахан Быржанович (ЭЭ-20-14)
2. Сейдуалиев Кемаль Елжанович (ЭЭ-20-15)
3. Канабеков Алихан (ЭЭк-20-20)
4. Сорокина Мария (АУ-20-6)
5. Румянцев Данил (АУ-20-9)
6. Бахтыгереев Асылмурат (ЭЭк-20-8)
7. Ержанова Сабина (ЭЭк-20-7)
8. Мырзалы Кадыр (ЭЭк-20-7)
9. Максут Жанибек (АУк-20-4)
10. Жетесов Конай (АУк-20-)
11. Перузхан Аятолла (АУк-20-12)
12. Турсынбаев Расул (ЭЭк-20-6)
13. Токтар Бекайдар (РЭТк-20-6)
14. Кыдыралиев Амир (РЭТк-20-6)
Финал MS Teams платформасында ONLINE режимде өтті. Қатысушылар әрқайсысы 4-5 студенттен 3 командаға бөлінді. Әр команданың жұмысын математика және математикалық модельдеу кафедрасының екі оқытушысы бақылады: проф. М. Ж.Байсалова, аға оқыт. Б. Ж.Толеуова, доц. А. О.Мустаяпов, доц. Р. Е.Ким, доц. Г. К.Василина, доц. А.Ж. Масанова, аға оқытушы. Э. С. Есботаева.
Комиссия жұмыстарды бағалап, қорытынды шығарды:
1-орын – Амир Кыдыралиев, РЭТк-20-6 тобының студенті
2 место – Кадыр Мырзалы, ЭЭк-20-7 тобының студенті
3 место – Кемаль Сейдуалиев, ЭЭ-20-15 тобының студенті
Комиссия құрамы:
Төрайым – проф. М.Ж. Байсалова
Комиссия мүшелері: доц. А.Ж. Масанова, аға оқытушы Б.Ж.Толеуова