АЭжБУ және "Шнайдер электрик" - ынтымақтастық ауқымды болады

АЭжБУ және

12.10.2020 Барлық жаңалықтар


12 қазан күні «Шнайдер электрик Қазақстан»  компаниясы мен Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің одан арғы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

АЭжБУ-да ЖОО басшылығы «Шнайдер электрик Қазақстан» компаниясының жаңа бас директоры Лев Аппаковпен, Industry департаментінің басшысы Антон Цапенкомен және Автоматтандыру бөлімінің басшысы Зейна Назайбековпен кездесті.

Ректор Сауле Сагинтаева АЭжБУ үшін жұмыстағы маңызды бағыт өнеркәсіптік автоматтандыру және энергиямен жабдықтау саласында әлемдік танылған көшбасшы «Шнайдер электрик» сияқты компаниямен әріптестік ынтымақтастық болып табылатынын атап өтті.

АЭжБУ мен «Шнайдер электрик» бірлесіп ынтымақтасудың белгілі бір тәжірибесіне ие. Серіктестік қарым-қатынас түрлерінің бірі «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының негізінде заманауи автоматика құралдарымен және «Шнайдер электрик» бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған оқу зертханасының ашылуы болды.

2020 жылы автоматтандыруға байланысты білім беру бағдарламаларының тобы бойынша Қазақстан бойынша 720 грант бөлінді. 343 грант иегерін АЭжБУ таңдады. Бұл білім беру бағдарламаларының осы тобы бойынша оқыту жүргізілетін еліміздің 45 жоғары оқу орындарының арасындағы үздік көрсеткіш.

Компанияның беделді мамандарының Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің барлық мамандықтарының студенттеріне арналған вебинарлар сериясын өткізу тәжірибесі де өте пайдалы болды. 

12 қазан күні АЭжБУ басшылығы мен «Шнайдер электрик Қазақстан» арасындағы кездесуде екі жақты ынтымақтастықты түрлі бағыттарда дамыту ниеті айтылды: АЭжБУ негізінде өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша құзыреттілік орталығын құру; біліктілікті арттыру курстарын бірлесіп өткізу; автоматтандыру жүйелерін өндіріске енгізу бойынша түрлі жобаларды орындау; бірлескен білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және басқалар.

Осылайша, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті мен «Шнайдер электрик Қазақстан» көпжақты әріптестік ынтымақтастықты көздейді.

 «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы