Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті мен Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті (Германия) IT-технология, big data, телекоммуникация, энергетика және машина жасау салаларында өзара ынтымақтастықты тереңдетуде.

14.10.2020 Барлық жаңалықтар

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті мен Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті (Германия) IT-технология, big data, телекоммуникация, энергетика және машина жасау салаларында өзара ынтымақтастықты тереңдетуде.

Анхальт (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің приват-доценті, техника ғылымдарының докторы, Талант Акимжанович Рыспаев  Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ 2020 жылдың 12 қазанында Erasmus+академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында алмасу бағдарламасымен келді.

Ол университет ректоры С.С. Сагинтаевамен кездесіп, институт директоры Г.К. Балбаев, Ғарыштық инженерия кафедрасының меңгерушісі К.А. Әліпбаев және Электроника және робототехника кафедрасының меңгерушісі Т.О. Чигамбаевпен бірге Телекоммуникациялар және ғарыштық инженерия институтының зертханаларына барды.

Фотода: Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры, профессор, экономика ғылымдарының докторы С.С. Сагинтаева және профессор, техника ғылымдарының хабилитирленген докторы Талант Акимжанұлы Рыспаев, Анхальт университетінің ғылыми қызметкері, Клаусталь (Төменгі Саксония) техникалық университетінің приват-доценті, Саксония-Анхальт жерлерін цифрландыру жобасының менеджері.