Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Директорлар кеңесінің төрағасы Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукейдің Энергетиктер күнімен құттықтауы

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Директорлар кеңесінің төрағасы Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукейдің Энергетиктер күнімен құттықтауы


20.12.2020 Барлық жаңалықтар


Бүгін еліміз энергетиктер күнін атап өтуде.

Мен барлық энергетиктерді - университетіміздің түлектерін, оқытушыларын, зертханашыларын, университет қызметкерлерін, сондай-ақ Университет студенттерін осы тамаша мерекемен құттықтаймын.

Энергетика біздің өмірімізде әр минут сайын, әр секунд сайын сезіледі. Ел аумағында университет абыройын асқақтатып жүрген түлектерімізді біз мақтанышпен "Энергетик" деп атаймыз.

Осы университетті құрған, ұжыммен бірге тек ҚР ғана емес, бүкіл әлем алдында ЖОО беделін көтерген ағам Ғұмарбек Дәукеевтің есімімен аталатын осы университеттің Директорлар кеңесінің төрағасы болу мәртебесіне ие болғанымды мақтан тұтамын.

Барлықтарыңызға кернеудің жоғарылығын, ампераждың қалыптылығын және  де өмірде қысқа тұйықталудың болмауын тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

ENERGO UNIVERSITY