2021 жылғы 5 ақпанда Алматы қаласында "Digital Almaty 2021 – Цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс" халықаралық форумы өтеді

2021 жылғы 5 ақпанда Алматы қаласында


03.02.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылғы 5 ақпанда Алматы қаласында "Digital Almaty 2021 – Цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс" халықаралық форумы өтеді.   

"Venture capital. Дереккөздер мен тетіктер" пленарлық сессиясында Qazinnovations президенті Ілияс Оспанов инновациялық стартаптарды дамыту үшін қаржыландыруды қалай тартуға болатынын, сондай-ақ өз идеясын дамыту үшін қаржыландыруды қалай, қайда, қандай шарттармен және қандай мерзімдерде алуға болатынын егжей-тегжейлі айтып береді, әрі ең бастысы инновациялық жобаларға арналған гранттарға өтінім беру кезіндегі табыс факторларымен бөліседі.

Форумның негізгі міндеттері цифрландыру саласында өңірлік және жаһандық деңгейде күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен жаңа технологиялар саласындағы трендтерін қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың алдағы қадамдары мен перспективаларын талқылау болып табылады. Биылғы жылы күн тәртібі COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған жаһандық өзгерістерді ескере отырып қалыптастырылады.

ЕЭО Премьер-Министрлері мен жетекші халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін пленарлық сессия форумның аса маңызды оқиғасына айналады.

2021 жылы форум гибридті форматта өтеді, осылайша форум аясындағы іс-шаралардың басым бөлігі онлайн өткізіледі.

Форумның бас демеушісі – "Қазақтелеком" АҚ.

Тіркелу forum.mdai.gov.kz сілтемесі бойынша (Форумға тіркелу 2021 жылғы 4 ақпанда аяқталады).

Спикерлер және панельдік сессиялар тақырыптарының тізімімен мына жерде танысуға болады

Жаңалықтар мәтіні сайттан алынды

 

ENERGO UNIVERSITY