Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті 2021 жылғы 01 наурыздан бастап IT-инжиниринг кафедрасы меңгерушісінің бос лауазымына конкурс жариялайды

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті 2021 жылғы 01 наурыздан бастап IT-инжиниринг кафедрасы меңгерушісінің бос лауазымына конкурс жариялайды

11.02.2021 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті 2021 жылғы 01 наурыздан бастап IT-инжиниринг кафедрасы меңгерушісінің бос лауазымына  келесі талаптармен конкурс жариялайды:

PhD докторы дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің болуы (міндетті түрде), ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл және басшылық қызметте кемінде 1 жыл жұмыс өтілі (міндетті түрде), қаржыландырылатын ғылыми жобаларға қатысуы (мүмкіндігінше), Pre-Intermediate деңгейінен төмен емес ағылшын тілін білуі (міндетті түрде), ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған басылымдарда соңғы 5 жылда 5 ғылыми мақаланың болуы (міндетті түрде) және SCOPUS базасында (процентиль кемінде 25) немесе Web of Science базасында (1,2,3 квартильдер жақсырақ) кем дегенде 1 мақаланың болуы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2021 жылғы 24 ақпан, сағат 10:00-ге дейін АЭжБУ электрондық платформасы арқылы өтініш пен құжаттарды онлайн (сканерленген немесе анық суретке түсіріп) тапсырады: https://kkk.aues.kz  .

Ғылым кандидаты және/немесе докторы ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін диссертация авторефератының шифры мен қорғау мамандығының атауы көрсетілген бірінші және екінші беттерінің сканерін (фотосуретін) қоса беру міндетті.

Құжаттардың төлнұсқалары келісім-шартты ресімдеу кезінде конкурстан өткеннен кейін ұсынылады.

АЭжБУ электрондық платформасына құжаттардың толық емес пакетін ұсыну еркін нысанда бас тарту үшін негіз болып табылады.

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Қызметкерлерді басқару бөліміне, А-232 кабинетіне  жүгінуіңізге болады.

 Тел.: +7 727 323 1175 (ішкі: 6111, 6112), ұялы: +7 707 600 64 87.