2021 жылдың 24 ақпанында Google Meet платформасында Жылу энергетика және басқару жүйелері институтымен «Декарбонизация: нақты шешу жолдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, өткізілді

2021 жылдың 24 ақпанында Google Meet платформасында Жылу энергетика және басқару жүйелері институтымен «Декарбонизация: нақты шешу жолдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, өткізілді


26.02.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 24 ақпанында Google Meet платформасында Жылу энергетика және басқару жүйелері институтымен «Декарбонизация: нақты шешу жолдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, өткізілді.

Семинарға 20-дан астам мамандар мен мүдделі тұлғалар, соның ішінде академиктер, профессорлар және «АЭжБУ» КеАҚ қызметкерлері, Қазақстанның бейінді кәсіпорындарының мамандары, «Жасыл Даму» АҚ өкілдері қатысты.

Семинардың модераторы – АЭжБУ ЖЭБЖИ директоры, қауымд. профессор, т.ғ.к. Балжан Төрепашқызы Бахтияр. Семинарды АЭжБУ Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры, PhD Алмаз Абжалиевич Саухимов өзінің құттықтау сөзімен бастады. Баяндамашылар ретінде:

ҚР ҰҒА академигі, АЭжБУ ЖЭҚ кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Бірлесбек Қаниұлы Алияров «Возможности Казахстана по уменьшению карбонизации при генерации тепловой и электрической энергии» тақырыбымен, ҚР ҰҒА профессоры, АЭжБУ ЖЭҚ кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Рахимжан Кабиевич Орумбаев «Вопросы декарбонизации при сжигании рядовых углей Казахстана в слоевых топках» тақырыбымен,    сондай-ақ шақырылған маман, «Жасыл Даму» АҚ Жобаларды мониторингілеу және жүргізу департаментінің директоры Айман Сериковна Есекина «Система торговли квотами на выбросы парниковых газов Республики Казахстан (СТВ РК)» тақырыбымен баяндама жасады.

Баяндамаларда негізгі неғұрлым перспективалы технологиялық шешімдер, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының алынған нақты практикалық нәтижелері атап өтілді. АЭжБУ магистранттары мен докторанттарының жұмысына белсенді қатысқаны атап өтілді. Сөз сөйлеушілердің баяндамалары тыңдаушылармен жақсы қабылданды. Семинарға қатысушылардың сөйлеген сөздерінің материалдарын талқылауы көтерілген мәселелердің жоғары өзектілігін және энергетика және экология секторлары өкілдерінің өзара мүдделілігін көрсетті.

Семинар нәтижелері бойынша ұсынылған декарбонизацияның барлық бағыттарын одан әрі дамыту қажеттілігі атап өтілді, сондай-ақ мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы қалдықтарын пайдалану мәселесін бірлесіп жеке қарау және оларды «көміртегі нарығында» квоталау субъектілері үшін есепке алу туралы ұсыныс енгізілді.

ENERGO UNIVERSITY