26.02.2021 Барлық жаңалықтар
Автоматтандыру барлық жерде қажет – АЭжБУ студенттері өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынды
«Автоматтандыру және басқару» бүгінде адам қызметінің кез келген саласында сұранысқа ие екендігі «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының кафедралық, институттық және университеттік конференцияларында айқын көрсетілді.
Байқаудың бірінші, кафедралық кезеңінде «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша 15 жұмыс ұсынылды. Сонымен қатар, төртінші курс студенттерінен басқа, қазір тенді ғана екінші курста оқып жатқан студенттер де өз жобалары туралы баяндама жасап, айтып берді.
Кафедралық конференцияның қорытындысы бойынша жұмыстардың бір бөлігі институттық кезеңде қатысу үшін ұсынылды, онда бір бірінші орын, екі екінші және үш үшінші орын анықталды:
1-орын – Суфья Измайлова – АИСУ-17-5 тобы, жетекшісі – профессор С.Г. Хан;
2-орын – Кирилл Федоренко – АИСУ-17-5 тобы, жетекшісі – профессор А.А. Копесбаева;
2-орын – Кирилл Коркин – АИСУ-17-5 тобы, жетекшісі – доцент Н.В Сябина;
3-орын – Алия Балгереева – АУТ-17-6 тобы, жетекшісі – доцент И.А Федоренко.
3-орын – Чингиз Баширов Ч. – АУк-19-1 тобы, жетекшілері – профессор И.Т. Утепбергенов және доцент Ш.Н. Сагындыкова.
4-орын – Жандос Рахметұлы Ж. - АУк-19-2 тобы, жетекшілері – профессор И.Т. Утепбергенов және доцент Ш.Н. Сагындыкова.
Барлық алты жүлдегердің жұмыстары «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының келесі, университеттік кезеңіне қатысуға ұсынылды. ЖОО-ның конкурстық комиссиясы республикалық кезеңге қатысуға келесі жұмыстарды ұсынуға шешім қабылдады:
I дәрежелі диплом – С. Измайлова, «Разработка автоматизированной системы управления гидропонной установкой», АИСУ-17-5 тобы, ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., проф. С.Г. Хан;
IІ дәрежелі диплом – К. Федоренко, «Разработка и исследование автоматизированной системы управления инженерных систем общезаводского хозяйства завода «Лукойл Казахстан», АИСУ-17-5 тобы, ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., проф. А.А. Копесбаева;
IІІ дәрежелі диплом – К. Коркин, «Разработка автоматической системы бесконтактной оплаты товаров», АИСУ-17-5 тобы, ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доц. Н.В. Сябина;
Университеттік кезеңнің лауреаттарының атауының өзінен «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқитын студенттердің ғылыми-зерттеу мүдделерінің алуан түрлілігін бағалауға болады. Байқаудың университеттік кезеңінің жеңімпазы Суфья Измайлова Талдықорғаннан АЭжБУ-ға оқуға келді. Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша ол ауыл шаруашылық өнімдерін топырақсыз және жаңартылатын энергия көздерін қолдана отырып өсіруге мүмкіндік беретін басқару жүйесі бар қондырғы жасап шығарды.
Кирилл Федоренко ұсынған байқау жұмысы Алматы облысында орналасқан «Лукойл Қазақстан» зауытын автоматтандыру бойынша нақты жобаның бір бөлігі болып табылады. Осы жобамен айналысатын компания АЭжБУ үшінші курста оқып жүрген студентін өндірістік практикадан өткеннен кейін жұмысқа шақырды.
Кирилл Коркин ұсынған идеялар мен оны жүзеге асыру жолдары біздің күнделікті өмірімізге не енгізу керек екеніне қатысты. АЭжБУ студенті жұмысының тақырыбы – «Разработка автоматической системы бесконтактной оплаты в супермаркете».
Алайда, «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттері орындаған барлық конкурстық жұмыстар қызығушылық тудырады. Мысалы, екінші курс студенті Жандос Рахметұлының «Ақылды есікті әзірлеу» жобасы идеясы ол бір күні үйден шығып, есікті кілтпен жабуды ұмытып кеткеннен кейін пайда болды. Жандос «есік» жағдайын өз бетінше бақылайтын құрылғы мен бағдарламалық жасақтаманы ойлап тапты. Ал екінші курс студенті Шыңғыс Башировтың автокөліктерге деген қызығушылығы «Разработка виртуального игрового руля». жұмысында іске асты.
Атыраулық АЭжБУ студенттерін мұнай тақырыбы қызықтыратыны қисынды. Мысалы, Алия Балгереева «Разработка системы управления технологическим процессом подготовки нефти» тақырыбындағы жұмысын ұсынды. Оның жобасының жаңалығы автоматтандыру схемасын жетілдіру және автоматиканың жаңа құралдарын пайдалану болып табылады. Александр Секеев пен Алина Кожагулова еліміздің ең ірі қаласы –Алматыдағы жол жағдайын бей-жай қалдырмады. Александрдың жобасы – «Разработка автоматизированной информационной системы «Умная установка», Алинаның жұмысы – «Разработка автоматической системы безопасности пешеходных переходов».
Әлеуметтік жобаларға Нұрлан Хамзин мен Ануар Қайырғалиевтің – тиісінше, «Система управления производства бумаги из природного первичного сырья» - листьев, опавших с деревьев» және «Система автоматизации технологического процесса переработки мусорана аппаратно-программной платформе Siemens» жұмыстарын жатқызуға болады.
Черногориядан келген студент Никола Масоничич және АЭжБУ-да «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша білім алушы «Разработка системы управления процессом очистки родниковой воды» жобасы үшін маңызды тақырыпты таңдады. Өкінішке орай, қазір тіпті бұлақ суы да тазартуды қажет етеді.
Әрине, конференцияда энергетикамен байланысты жұмыстар ұсынылды, өйткені мұнда да автоматтандырудың маңызы зор. Андрей Литвиновтың жобасы – « Разработка системы автоматизированного проектирования объектов электроснабжения на базе программного обеспечения Homer PRO», ал Антон Панченконың жұмысы – «Система управления солнечной гидравлической системы с применением web-технологий».
Жалпы, «Автоматтандыру және басқару» мамандығының қолданылу арналары өте көп! Ол бүгінде адам қызметінің кез келген саласында қажет!
"Автоматтандыру және басқару" кафедрасы
Суретте: "Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпазы Суфья Измайлова және оны әзірлемесі - гидропоникалық қондырғыны басқару жүйесі