«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша пәндік олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды

«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша пәндік олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды


25.03.2021 Барлық жаңалықтар


«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша пәндік олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды

«Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттері үшін университеттік пәндік олимпиадаға қатысу өз білімін, іскерлігін және дағдыларын тексеру болды. Оның нәтижелерін қорытынды шығару үшін ғана емес, сонымен бірге болашақта оқу процесін түзету үшін де бастапқы нүкте ретінде қарастыруға болады.

«Автоматтандыру және басқару» бойынша университеттік пәндік олимпиадаға Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің осы мамандығында оқитын қазақ және орыс бөлімдерінің үшінші курсының жеті тобынан студенттер қатысты. Олимпиаданы «Электр техникасы» кафедрасының қатысуымен «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы ұйымдастырды. Әр тапсырмада үш пән бойынша сұрақтар қойылды – «Автоматты реттеудің сызықтық жүйелері», «Автоматты реттеудің бейсызықты жүйелері» және «Электротехниканың теориялық негіздері».

Комиссия құрамына «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының қызметкерлері - доцент, т.ғ.к. И.А. Федоренко (төраға), аға оқытушылар А.К. Аталыкова (хатшы), т.ғ.к. Б.К. Кусаинов, Н.Р. Мусабеков және электротехника кафедрасының аға оқытушысы А.Т. Аршабекова кірді.

Айта кету керек, бұл пәндік олимпиаданың тапсырмалары АЭжБУ студенттері дәстүрлі түрде жүлдегер атанатын «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға бағытталған болатын. Ал 2019 жылы олар барлық жүлделі – бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болып, командалық есепте сенімді жеңіске жетті.

Бұл университеттік Олимпиададағы нәтижелер АЭжБУ командасының сәуір айында республикалық деңгейде де табысты өнер көрсетеді деп үміттендіреді. Бұл орайда, жүлдегерлердің бір-бірінен бірнеше ұпай ғана басым түскендігі күрестің қызуы туралы айтады. Нәтижесінде бірінші орынды 15 балл жинаған АУТ-18-9 тобының студенті Атабек Джаханов (суретте) алды. Оның жетістігінің кілті тұрақтылық болды, нәтижесінде Атабек әр пән бойынша бірдей балл жинай алды.

АиСУк-18-1 тобының студенті Гүлназ Келес 13 балл жинап, екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, ол барлық ұпайларын мамандандырылған пәндер бойынша жинады – «Сызықтық автоматты реттеу жүйелері» және «Бейсызықты автоматты реттеу жүйелері».

Үшінші орынды 11 ұпай жинаған АУТк-18-6 тобының студенті Ернар Дарыбаев иеленді. Ол мамандандырылған пәндерді жетік білуінің арқысында басымдылық көрсетті. АиСУк-18-3 тобының студенті Нұржан Алулановты құрмет тұғырынан бір ғана балл алшақтатты – ол 10 балл жинап, төртінші орынды місе тұтты. Сонымен қатар, ол «Сызықтық автоматты басқару жүйелері» пәні бойынша тапсырманы жақсы орындады.

Енді барлық қатысушылар «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға дайындалуға шақырту алды. Олардың алдында тұрған дәстүрлі міндет – үздіктер қатарында болу және Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің жоғары дайындық деңгейін растау.

ENERGO UNIVERSITY