25.03.2021 Барлық жаңалықтар
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ – ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТКЕ БАСТАР ЖОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА 25 наурыз 2021 жылы ОНЛАЙН ФОРМАТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ
10.45-11.00 дөңгелек үстелге (конференция) тіркелу
Google Meet: meet.google.com/gut-xeps-ruy
11.00. Дөңгелек үстелдің ашылуы.
Дөңгелек үстелдің баяндамаларын тыңдау
13.00 Дөңгелек үстелдің қорытындысы.
Модератор: Кабдушев Болат Жоламанұлы – Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі
Алғы сөздер:
Сагинтаева Сауле Саветовна – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры, математика профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі
Махмутов Серік Қапанұлы – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, т.ғ.к., доцент
БАЯНДАМАШЫЛАР
1. Әміржанова Нәзира Серікқызы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты. Баяндама тақырыбы: «Латын графикасына негізделген ұлттық әліпбидің талаптары»
2. Алияров Бірлесбек Каниұлы – жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі. Баяндама тақырыбы: «Латын әліпбиіне көшудің ұтымды және тиімсіз жақтары»
3. Пашан Дана – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тіл тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты. Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі жетілдірілген жаңа әліпбиі»
4. Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы – Cанжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің Тілдік пәндер кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты. Баяндама тақырыбы: «Латын әліпбиіне негізделген емле ережелерін жасауда ескерілетін мәселелер»
5. Алинов Амангелді Иманмаликұлы – әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ. Баяндама тақырыбы: «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»
6. Арыстанбаев Мадияр Қазбекұлы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы. Баяндама тақырыбы: «Латын әліпбиі – ұлттық жазу негізі»
7. Бақтыбаева Аннель Тілеумағамбетқызы – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Тілдік пәндер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
8. Сүлейменов Айдар Мұратбекұлы – Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дің 1 курс студенті. Баяндама тақырыбы: «Жаңа әліпби – рухани жаңғырудың жарқын көрінісі»