Черногорияның орталық телевизиясында АЭжБУ туралы айтылды

Черногорияның орталық телевизиясында АЭжБУ туралы айтылды


26.03.2021 Барлық жаңалықтар


Черногорияның орталық телевизиясында АЭжБУ туралы айтылды

Черногория азаматы Велимир Масоничич – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің түлегі, онда ол «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқыды. Велимир АЭжБУ-дағы оқуы және Қазақстандағы өмірі туралы Черногорияның орталық телеарнасы RTCG эфирінде айтып берді.

Велимир Масоничич Қазақстанда «Автоматтандыру және басқару» мамандығын оқып, ол үшін Алматы энергетика және байланыс университетін таңдады. 2019 жылы оқуын сәтті аяқтады. Оның дипломдық жобасының тақырыбы Черногориямен байланысты болды – «Бар қаласының муниципалды ғимараттарын сумен жабдықтауды басқару жүйесін дамыту».

Бар – Черногориядағы қала, онда Масоничич дүниеге келген. Ол дереу өзінің туған қаласымен байланысты болатын дипломдық жобаны орындау идеясына қызығушылық танытты. Жергілікті ерекшеліктер мен өзекті мәселелерді талдау нәтижесінде Велимир және оның дипломдық жобасының жетекшісі, Автоматтандыру және басқару кафедрасының доценті   И.А. Федоренко  муниципалды ғимараттар үшін сумен жабдықтауды басқару жүйесін әзірлеуге шешім қабылдады. Масоничич дипломын Бар қаласының су шаруашылығының жұмысын жақсарту үшін өзінің нұсқасын ұсына отырып, «өте жақсы» қорғады.

Велимир Черногорияда және ол қазір бүкіл елге белгілі болды деп айтуға болады. Орталық ұлттық телеарна – RTCG жас отандасының тағдырына қызығушылық танытып, оны студияға қонақ ретінде шақырды. Велимир оған Алматы энергетика және байланыс университетінде білім алу не бергенін айтып, Қазақстандағы білім мен өмірге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, Масоничич мұнда оқуын магистратурада жалғастыруы әбден мүмкін. Велимирдің айтуынша, ол бұл туралы ойланып жүр.    

Айтпақшы, оның кіші інісі Никола Масоничич те қазір қазақстандық ЖОО-да білім алуда. Ол да «Автоматтандыру және басқаруды», дәл осы – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетін таңдады!

Велимир Масоничичтің қатысуымен RTCG (Черногория) телеарнасы эфирінің жазбасын келесі сілтеме бойынша көре аласыз  

"Автоматтандыру және басқару" кафедрасы 

ENERGO UNIVERSITY