Алматыда карантин 12 сәуірге дейін ұзартылды

Алматыда карантин 12 сәуірге дейін ұзартылды


27.03.2021 Барлық жаңалықтар


Алматыда 21 наурыздан күшінде тұрған карантин шектеулері 12 сәуірге дейін ұзартылды. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің  жаңа қаулысында осылай делінген.

10 пунктіден тұратын шектеулердің басым бөлігі діни рәсім мен жерлеу салтына қатысты. 29 наурыздан 12 сәуірге дейін күшінде болатын жаңа ережеге сәйкес:

Бұған қоса, бас санитар дәрігер оқушылар мен студенттерді қашықтан оқу форматына көшіруді тапсырды, мектептің 1-5 және 9-11 сыныптарында бала саны 15-тен аспайтын кезекші сыныптар ашуға ғана рұқсат берді.

Алматыда карантин енгізу туралы бас санитар дәрігердің алғашқы қаулысы 20 наурызда жарық көрген. Сол құжат негізінде қаладағы кәсіпкерлік нысандарының жұмысына тыйым салынды не шектеу қойылды.

26 наурызда Алматыда коронавирустың «британдық» және «оңтүстікафрикалық» деген жаңа штамдардікіне ұқсас мутациясы табылды деген мәлімет айтылды. Бұлар адамға жылдам жұғады деген болжам бар.

Бұған қоса Алматы билігі бір тәулікте ауырғандар 500-ден асса қатаң карантин енгізетінін ескерткен.

Ақпарат көзі

ENERGO UNIVERSITY