Тілдерді білу – табысқа жету жолы!

Тілдерді білу – табысқа жету жолы!


05.04.2021 Барлық жаңалықтар


Кез-келген білім беру мекемесіндегі шетел тілі олимпиадасы – бұл елдің тілдік кеңістігінде, осы шет тілінің мәртебесін дамыту мен нығайтудың маңызды оқиғасы және қозғаушы күші. Олимпиадаларға қатысу мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге болатын, осы тілде сөйлейтін халықтың зерттелетін тілі мен мәдениетіне деген ынтасын арттырады. Сондай-ақ олимпиадаға қатысу білім алушылардың жеке қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді, мақсатқа ұмтылушылықты қалыптастырады. Оқытылатын тіл елінің мәдениеті туралы ой-өрісі мен түсініктерін кеңейтеді.

Шет тілдері (ағылшын және неміс) бойынша олимпиаданы өткізу біздің университетте (АЭжБУ) жақсы дәстүрге айналды. Мәселен, 2021 жылдың 31 наурызында Алматы энергетика және байланыс университетінде тілдік білім кафедрасы шет тілдерінен студенттік олимпиаданың 2-ші, қорытынды турын өткізді. Олимпиада онлайн форматта өтті.

Олимпиаданың 1-ші іріктеу кезеңі студенттердің лингвистикалық құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған лексикалық-грамматикалық тесттен тұрды. Олимпиаданың 2-турына арналған тапсырмалар DAF(неміс тілі) және IELTS-тан бейімделді, бұл тыңдалым және оған тапсырмалар және берілген тақырыптар бойынша айтылым. Студенттер олимпиадаға үлкен қызығушылықпен және ынта-жігермен қатысады, онда олар тіл білімін және оны практикада қолдана білуін көрсетеді. Қазіргі уақытта ағылшын және неміс тілдерін жетік білу әлемнің әртүрлі елдерінде оқып, дамып, саяхаттап, адамдармен танысқысы келетін болашақ студенттерге жаңа көкжиектер ашуға мүмкіндік беретін маңызды бәсекелестік артықшылық ретінде қарастырылатыны белгілі.

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтап, тілдерді тез меңгеруде табыстарға жетуді тілейміз!

Ағылшын тілінен:

І орын                

Серікұлы Жексен -  ЭЭ-20-14

Сорокина Мария - АУ-20-6

ІІ орын               

Рахметуллаева Меруерт - ЭЭк-20–20

Брекешев Бахтияр - ПС-20-5.

ІІІ орын              

Оспанов Ильхан - СИБ-20-4;

Сергеев Даулет -  ИСк-20-1

Баймет Наргиза - ПСк-20-7

Неміс тілінен:

І орын                

Хамит ИззэтЭ - Э-20-14

Наумова Ирина - ИНФ-20-2

ІІ орын               

Балакшиева Наиля - ПИ-20-2

ІІІ орын              

Шаймерденов Салимжан - ПС-20-5

Тіл білімдері кафедрасы

ENERGO UNIVERSITY