Ғарышты бағындырған адамзат қиялында шек жоқ!

Ғарышты бағындырған адамзат қиялында шек жоқ!

12.04.2021 Барлық жаңалықтар


1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихында мәңгі бірегей күн болып қала береді. Дәл осы күні Юрий Гагарин әлемде алғаш рет "Байқоңыр" ғарыш айлағынан аңызға айналған ғарышқа ұшты. Оның ұшуы адамзатқа жұлдыздарға жол ашып, жаңа ғарыштық дәуірдің - ұшқыш ғарышкерлер дәуірінің негізін қалады.

Бұл оқиға біздің өркениетіміздің дамуындағы жаңа кезеңнің негізін қалап, оның өзгеруінде орасан зор рөл атқарды. Спутниктік телефондар, теледидар мен интернет, ғарыштан алынған деректер бойынша ауа райы болжамдары - мұның бәрі ғарышты игерудің арқасында қолжетімді болды.

Сәтті ұшулардың артында ғарыш саласының ілгерілеуі үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасаған мыңдаған адам, ондаған еңбек ұжымы тұрғаны белгілі. Біздің университет аталмыш сала үшін мамандар даярлайтын "Ғарыштық техника мен технологиялар" және "Ғарыштық инженерия" мамандықтарын ашу арқылы отандық ғарыш саласын дамытуға өз үлесін қосуда.

Осы айтулы күнге орай тіл білімдері кафедрасының ұжымы 15 сәуір күні сағат 10: 20-да тәрбиелік іс-шара өткізеді.

Аталған іс-шарада KTT -20-2 және КИ-20-2 топтарының студенттері өнер көрсетеді. Олар ғарышты зерттеу тарихы, басқа планеталарға барған ғарыш аппараттары, инженерлер командалары жасаған телескоптар туралы баяндайды.