Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

12.04.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті ғалымдар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Қазақстандық ғалымдардың кәсіби мерекесі ғарыштық жаңалықтардың ұлы жетістіктерімен тұспа-тұс келді.

1961 жылы, 12 сәуірде әйгілі ғарышкер Юрий Гагарин «Восток-1» ғарыш кемесінде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып, әлемде тұңғыш рет Жер планетасының орбиталық ұшуын жасады. Қазақстандық ғылымның тарихындағы маңызды оқиға, өйткені Қазақстан территориясынан адамзаттың Ғарышқа алғашқы «секірісі» жасалды.

Бүгін, Әлемдік пандемиямен байланысты дағдарыс кезеңінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ғалымдардың алдына жаһандық деңгейдегі іргелі зерттеулерді жүзеге асыру, инновацияларды дамыту, ғылыми жетістіктерді сұранысқа ие экономикалық және әлеуметтік тауарға айналдыру жөнінде ауқымды міндеттер қойып отыр. Бұл бағытта Ғұмарбек Дәукеев атындағы "Алматы энергетика және байланыс университеті" КЕАҚ (бұдан әрі – АЭжБУ) маңызды жұмыстар атқарылуда. Оқытушы-зерттеушілерді, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді ғылыми қызметке тарту үшін жағдайлар жасалды, 5 ғылыми-техникалық орталықтар, 6 ғылыми-зерттеу зертханасы, 3 оқу-зерттеу зертханалары жұмыс істейді.

АЭжБУ ғалымдары өздерін әлемдік деңгейде сенімді түрде мәлімдеді, бүкіл әлемге танылған ғылыми басылымдардағы жарияланымдар, патенттер мен басқа да зияткерлік меншік объектілерінің жарияланымдары өсуде.

Біз АЭжБУ-да жас ұрпақ үшін үлгі болып табылатын Жылу энергетикасы, Электр энергетикасы бойынша белгілі ғылыми мектептер, тәжірибесі мен жоғары әлеуеті сақталғанын мақтан тұтамыз. Бүгінде жастар ғылымға бет бұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

АЭжБУ ғалымдары Қазақстан ғылымының болашағына өз үлестерін қосуда, сіздің тәжірибеңіз, біліміңіз, белсенді азаматтық ұстанымыңыз сіздің қолыңызда, олар ойластырылған ғылыми жетістіктерге қол жеткізуге, мемлекетіміздің зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

Сізге бақыт, денсаулық, сәттілік, амандық, шығармашылық идеяларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!