Құрметті Алматы энергетика және байланыс университетінің ғалымдары, студенттері, магистранттары мен докторанттары! Сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Құрметті Алматы энергетика және байланыс университетінің ғалымдары, студенттері, магистранттары мен докторанттары! Сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын!


12.04.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті Алматы энергетика және байланыс университетінің ғалымдары, студенттері, магистранттары мен докторанттары!

Сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2011 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мереке Қазақстанда ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаевтың туған күнімен байланысты.

Еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын біздің университет зерттеу университетіне айналу арқылы өз алдына Қазақстан мен Орталық Азиядағы озық ғылыми орталық болу міндетін қойып отыр, бұл Университеттің қабылданған даму стратегиясында көрініс тапты.

Бұл үшін бізде барлық алғышарттар бар. Университет ғалымдарымен энергетика, байланыс және телекоммуникация, инженерлік ғылымдар,  ғарыштық және АТ мен техника саласында маңызды іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде. 2020 жылы 530 млн теңгеден астам сомаға 25 шарт орындалды. Қолданыстағы шарттарды қаржыландыру көлемі ҚР БҒМ Ғылым комитеті, Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, KEGOK АҚ және т.б. желісі бойынша 450 млн. теңгеден астам соманы құрайды. Университеттің ғылыми қызметінің перспективалық бағыттары жаңартылатын және баламалы энергия көздері, өндірістік процестерді автоматтандыру және басқару, SMART-технологиялар және жасанды интеллект болып табылады.

Қазіргі уақытта университеттің ғылыми ұжымы – бұл 30 ғылым докторы, 131 ғылым кандидаты, 34 PhD докторы, 166 ғылым магистрі. Біздің ғалымдардың жетістіктері мемлекеттік деңгейде байқалады. Бүгін Ғылым күніне арналған салтанатты отырыста біздің 3 ғалым ҚР Білім және ғылым министрлігінің наградаларымен марапатталды: Ғарыштық инженерия кафедрасының профессоры Константин Самсонович Иванов және Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасының профессоры Сахыбай Тынымбаев – «Еңбек ардагері» медалімен,  IT-инжиринг кафедрасының профессоры Сейткермим  Бимурзаев – «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен. 

Университет ғылыми кадрларды даярлау бойынша жұмыс істейді. Бүгінгі таңда университетте ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламалары бойынша 403 магистрант, докторантура бағдарламалары бойынша 78 адам білім алуда. Соңғы жылы біздің 5 жас ғалымымыз жұмыстарын сәтті қорғап, PhD докторы ғылыми дәрежесін алды: Телекоммуникация және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Сауле Кумызбаева, Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы Асель Мукашева, Ақбота Жусупова, IT-инжиринг кафедрасының аға оқытушысы Жұлдыз Алимсеитова, Менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының аға оқытушысы Арыстан Диханбаев.

Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институтының директоры Ғани Балбаевқа, Жылу энергетика және жылу техника институтының директоры Балжан Бахтиярға, Электроника және робототехника кафедрасының доценті Әлғазы Жауытқа қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
          Университетте Энергетикалық мониторинг және сараптама жасау жөніндегі 3 ғылыми-техникалық орталықтар, Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, Smart Power Grid, Отын-энергетикалық кешен, Су технологиялары және су-химиялық режимдер мәселелерін зерттеу жөніндегі 6 ғылыми-зерттеу зертханасы, К.Еренчинов атындағы технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері, Зияткерлік электр энергетикалық жүйелер, Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар зертханасы, Ақпараттық технологиялар және жүйелер инжинирингі бойынша табысты зерттеу ортасы құрылған.

Құрметті әріптестер! Бұл күні мен тынымсыз ғылыми ізденіс пен зерттеулер арқылы ел экономикасының, ғылымы мен білімінің дамуына баға жетпес үлес қосып, сол арқылы барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етіп, әлемді жақсы жаққа өзгертуге тырысқан әрбір адамға ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Құрметті әріптестер, сіздерге сарқылмас күш-қуат, ғылыми ойлар, батыл және бірегей шешімдер, денсаулық және шығармашылық ұзақ ғұмыр тілеймін!

Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры,

профессор С.С. Сагинтаева