«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ТӨРТ ЖЫЛ ТОЛДЫ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ТӨРТ ЖЫЛ ТОЛДЫ


14.04.2021 Барлық жаңалықтар


 

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ТӨРТ ЖЫЛ ТОЛДЫ

2017 жылдың 12-сәуірінде Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Жұмысты үйлестіру бағытында 2018 жылы «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. Ал 2019 жылы Қазақстанның он төрт облысы мен республикалық маңызы бар қалаларында «Рухани жаңғырудың» жобалық кеңселері ашылды. «Рухани жаңғыру» алты бағыт бойынша жүзеге асырыла бастады: «100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Киелі Қазақстан», «Қазақстанның жаһандық әлемдегі мәдениеті», «Латын әліпбиіне көшу» және «100 жаңа есім». Содан бері мақалада айтылған негізгі бағыттарды жүзеге асыру үшін бес жылдық бағдарлама қабылданып, елімізде миллиондаған іс шаралар ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында жұмысты үйлестіру мақсатында құрылып, қызметін бастады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламаны іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыратын университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде 2019 жылы қызметіне кірісті.

Тәрбие жұмысы департаментімен бірлескен жоспар жасалып, жалпы университеттік тәрбиелік жұмыс жоспарында бекітіледі. Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің сұратуы бойынша Кеңсенің жеке жұмыс жоспары қарастырылған.

Бүгінгі студенттеріміздің онлайн қашықтықтан оқуына байланысты жағдайға бейімделе отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында университет көлемінде көптеген іс-шаралар атқарылып келеді.

2020 жылдың қыркүйегінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 1 курс студенттерінің тәрбие жұмысы департаментінің тапсырысымен дәстүрлі он күндікті (декада) Әлеуметтік пәндер кафедрасы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша конкурс жариялады. Үйлерінде қашықтықтан оқып жатқан студенттерімізге пандемия жағдайында жастарды өз жеріне, ауылына, қаласына және кішігірім Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тереңдетуге ынталандыруды мақсат қойғанбыз. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын «Туған жер», «Елдің жадындағы көрнекті есімдер», «Қасиетті киелі жерлерінің» жобалары аясында студенттерге туған өлкесінің тарихын баяндайтын зерттеулер жазып жіберуді ұсынғанбыз. Олар тапсырманы ерекше қызығушылықпен орындап, 5 қазанға дейін 50-ге жуық студент конкурсқа «Туған жердей жер болмас...» деген рухта жазған жұмыстарын жолдады. Жұмыстың қорытындысы университет сайында жарияланды. Ең озық, өңделген жұмыстар  сайтқа орналастырылды. (https://aues.edu.kz/ru/post/one?id=538).

9.10.2020. «Үнем – қоғам қуаты» және «Дәстүр мен ғұрып» атты жобасы аясында  студенттер Ұлттық тағам жасау бойынша қалалық жоғары оқу орындары арасындағы челленджіне біздің студенттер де қатынасты. ИСк-20-1 тобының студенті Әсия Тлеубаеваның жасаған ұлттық тағам туралы видео ролигі сәтті шығып, қалалық кеңсе тарапынан оң пікірге ие болды.

2020 жылдың 27 қараша күні «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» атты ҚР Бірінші Президенті күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған Әлиев Данияр Абзалиденұлы - Алматы қаласы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, Қасыметова Бахытгүл Техниковна - Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасы «Рухани жаңғыру» кеңсесінің ғылыми және білім ортасымен байланыс бөлімінің басшысы, Қуандық Жасұлан Бостандықұлы - «Қазақстан студенттер Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының Алматы қаласы бойынша көшбасшысы, Анарбаева Бағдат Бекболатқызы - «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қорының Алматы қаласы филиалының төрағасы қатынасып, жастарға өз қызметтері туралы баяндап берді.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Әлеуметтік пәндер кафедрасы АЭжБУ-дың 45 жылдығына орай 2020 жылы 14 - желтоқсанда «Әл-Фарабиден Тәуелсіз Қазақстанға дейін: тарих және рухани даму» тақырыбында студенттер және магистранттар арасында ғылыми-практикалық конференция 3 бағыттар (секциялар): 1) Әл-Фараби және Абай; 2) Тәуелсіз Қазақстан Республикасы: тарихы, әлеуметтік -экономикалық және саяси дамуының мәселелері; 3) Қазақстан Республикасының төртінші Конституциясы бойынша өтті. Онлайн форматта өткен конференциямыздың пленарлық мәжілісіне сырттан шақырылған белгілі ғалымдардан басқа жастардың өкілдерін қатыстыруға, тартуға тырыстық. Өкініштісі, «гугл митте» шектеу бар екен, 100 адамнан артық қатыстыра алмадық. Пленарлық отырыстан кейін 3 секция бойынша конференция өз жұмысын жалғастырды. Онда 58 студенттер мен 18 магистранттардың баяндамалары тыңдалса, жалпы конференция жұмысына 400-ге таяу студенттер мен магистранттар қатынасты. Осылайша Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы және Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арнап өткізген бірқатар іс-шараларымызбен жастар арасында ғұламалардың мұраларын насихаттауға барынша үлес қостық деп санаймыз.

2021 ЖЫЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ МЕН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

2021 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Айда Балаеваның төрағалығымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «жоғары оқу орындарының ректорларымен өткен жұмыс кеңесінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жайында бірқатар тапсырмалар қабылданған болатын. Соған орай университетіміздің ректоры Сағынтаева Сәуле Советовна бірқатар бағыт-нұсқаулар берді. 4 ақпан күні аталған кеңестің тапсырмаларының орындалуы жайлы атқарылған жұмыс есебін министрлікке жолдадық:

Біріншіден, 2021 жылдың 1-ақпанынан «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жұмыс құрамы толығымен қайта жаңғыртылды.

Екіншіден, университетіміздің «Рухани Жаңғыру» жоспары қайта қаралып, Министрдің ректорлармен өткізген кеңестің жаңа ескертпе-ұсыныстар негізінде толықтырылды. Тақырыптық көлемді жобалар ескерілді.

Үшіншіден, жоғарыда аталған жиынның күн тәртібінде қаралған «ЖОО білім беруде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы туралы» бойынша:

а) «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмысын жандандыру мақсатында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіндегі аталмыш кеңсе қызметкерлерінің құрамы сапалық жағынан қайта жасақталып, кәсіби мамандар тартылды. «Рухани Жаңғыру» жобалық Кеңсесінің жаңартылған құрамы анықталды.

ә) «Рухани Жаңғыру» жұмысын жетілдіру және орталықпен тығыз байланыста болып, бір орталықтан үйлестіріп отыру мақсатында КЕАҚ «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтымен» тығыз байланыс орнату, жобалық кеңсе жұмысын ұйымдастыру жауапкершілігі университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Махмұтов Серік Қапанұлына жүктелді. Меморандум құжаты дайын, әуелі Алматы қалалық «Рухани жаңғыру» кеңсесімен уағдаластық жасауымыз керек. Келесі кезекте орталығы Нұрсұлтан қаласындағы КЕАҚ «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтымен» меморандумға қол қою жөнінде жұмыс жүргізілуде.

б) «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жастар арасында кең насихаттау үшін студенттер қатарынан көшбасылар мекенін (пулын) қалыптастыратын ортаны белгіледік.

в) Университетімізде «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмысына ақыл-кеңес беретін тәжірибелі оқытушы-профессорлар тарапынан сарапшылар тізімі қарастырылды.

«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ»

Жаңғыртылған жоспар негізінде жұмыс бағыттары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру бойынша қазақ тіліндегі оқулықтармен жұмыс жасау үшін профессорлық-оқытушылық құрамының (2021 жылдың екінші семестріне) әдістемелік семинар өткізу жоспары жасалды.

Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен қазақ тіліне аударылған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» барлығы байланыс университетіміздің ақпараттық-кітапханалық кешеніне келіп түсті. Философия, әлеуметтану, психология, дінтану және мәдениеттану, тарих, антропология бойынша оқулықтарды Әлеуметтік пәндер кафедрасының ай сайын өтетін әдістемелік семинарында талдау жасалуда. Шетелдік авторлардың туындыларының тиімді және әлсіз тұстары турасында 26 ақпанда 1-семинарымыз өтті. Профессор-оқытушыларымыз талдау қорытындыларын университет сайтында және «Білімді ел» газетінде («Путь к горизонтам развития человечества» кафедра профессорлары Мухамбедьярова, Шаракпаева - 9 наурыз 2021) жариялап келеді.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелері және отандық тарих ғылымын пән ретінде оқытудың бүгінгі міндеттері» тақырыбында 2021 жылы 25 ақпанда онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Оған Омарбеков Талас Омарбекұлы – тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, Орта Азиялық дәстүрлі өркениеттерді зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының құрметті академигі, Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы – тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Әбжанов Хангелді Махмұтұлы – тарих ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры, «Рухани Жаңғыру» ғылыми орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Әбілдәбек Салықбай – «Қазақ тарихы» журналының бас редакторы қатынасып баяндамалар жасады, пікір алмастық. Ұлттық тарихымыздың әлсіз тұстарын тануда,  Нәтижесі сайтта, инстаграм, фейсбук парақшаларында жарияланды. «Қазақ тарихы» журналына да шықты.

17 наурызда 2021 жылы жаңа қазақ тілінде аударылып жарық көрген философия пәнінен әлемнің 100 үздік оқулық бойынша тәжірибе алмасу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор-оқытушыларын және ҚР ҰҒА философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдары да қатысып, оқулық төңірегінде құнды мәселелер көтерілді.

Наурыз айының 26-күні тағы кафедрамыздың әдістемелік семинарына қазақтың көрнекті антрополог маманы Оразақ Смағұлов қатынасып, 100 оқулық жайлы өз ой-ұстанымдарымен бөлісті.

Мемлекет қыруар қаржы бөліп аударылған оқулықтардың сұрауы болады, жақында ҚР БжҒМ сұратуы бойынша есеп бердік. 2020-2021 оқу жылының басында оқу жоспарларына толық енгізіледі деп жоспарлануда. Қалалық «Рухани жаңғыру» кеңсесі семинарларымызға қызығушылық білдіріп, презентацияларымызбен жоғары оқу орындары арасындағы өтетін іс-шараларға шақырып отыр.

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде латын әліпбиіне көшу бойынша жоспарды Тіл білімдері кафедрасымен бірлесіп жетілдіруіміз керек. Жалпы мәселеде анық хабарымыз болу үшін осы мәселені зерттеп жүрген ғалымдарға бүгінгі ұстаным, проблемаларды айтып беру үшін онлайн кездесу өткізуге өтініш жасадық. 25 наурызда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латын графикасына көшу – әлемдік өркениетке бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті. Оған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының белді қызметкер-ғалымдары Дана Пашан және Нәзира Серікқызы Әміржанова т.б. латын графикасына негізделген ұлттық  әліпбидің талаптары туралы кең баяндап берген болатын.

«100 ЖАҢА ЕСІМ»

Жоба бойынша «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетіс­тік­терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын», - деп Елбасы айтқандай, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «100 жаңа есім» жобасы бойынша да деректер жинау жұмысы қолға алынды. Бұл ретте институтта қызмет жасайтын немесе осы оқу орнын тәмамдап, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген түлектерді де назарға алуымызға болады. Жалпы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің» өтініші бойынша университетіміздің 5 жас ғалымы туралы ақпарат өткіздік.

 «ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ МЕНІҢ ОТБАСЫМНЫҢ ТАРИХЫНДА»

Университетімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алты бағытын қамтитын студенттердің танымдық-зерделеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған. Жылда студенттердің ата-бабаның ерлігі мен мұраларын қастерлеу бағытында «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында» атты қалалық конкурсын өткізіп жүрміз, биыл 2021 жылға республикалық дәрежедегі студенттік конкурс деп жарияладық. Мұндағы студенттердің жинақталған зерттеу-шығармашылық жұмыстарын жинақтап жеке электронды жинақ жасап қойдық. Осы конкурстың жұмыстарымен толықтырсақ, жалпы көлемі 12 баспа табақ (200 беттен асатын) басылымды құрайды.

 «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ»

Атаулы жобасы бойынша да (1998 жылы құрылған) студенттердің зияткерлік «Парасат» клубының шеңберінде еліміздің көрнекті тұлғаларымен кездесулерді тұрақты өткізіп келеміз. Сол жұмыстың қорытындысы ретінде университетіміздің 45 жылдығына орай «Рухани Жаңғыру» аясында «Парасат» зияткерлік клубының шығармашылық жолы» атты кітап-альбом -А:«Принт-Экспресс»2020 (132 бет) басылып шықаны белгілі.

2020 жылы пандемияға дейін 2 офлайн кездесу жасап үлгердік. Олар -журналист, жазушы, ақын Қайым-Мұнар Тәбеев, 1977-1982 жж. АЭИ түлегі АлЭС АҚ №1 жылу электр орталығы басқарушы директоры Сырғабаев Исахан Ахтанұлы (13.02.2020), онлайн форматта Алтын Орданың 750-жылдығына орай филос. ғ.к., «Оралман» фильмінің   сценарисі, «Нежданный гость - Джучи», «Бату хан» атты тарихи романдардың авторы Нұрлан Санжармен (05.06.2020) тамаша кездесулеріміз өтті. Ол жайында «Білімді Ел», «Алматы ақшамына» мақалалар шықты. Дегенмен ашық аудиторияда кездескенге жетпейді екен.

Алдағы жоспарымыз «Парасат» зияткерлік клубының өтетін кезекті мәжілісінің қонағы белгілі жазушы, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі «Жұлдыз» журналының бас редакторының орынбасары – Тұрысбек Сәукетаевпен кездесу болады. Сүткенже», «Айлы түн еді», «Қайыңдар, аппақ қайыңдар», «Көлеңкелер патшалығы» әңгіме-повестерінің және «Айқараңғысы», «Желқайық», «Эпилог», «Қызылбалақтың қазасы», «Мен - жындымын» романдарының авторы. «Құрмет» ордені және «Алтын қалам» конкурсының Гран-при иегері,  Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты. Осыған орай студенттерді кітап оқытуға қызықтыру үшін «ең үздік оқырман» жобасын қарастырып жатырмыз.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС

2021 жылдың 21 ақпанынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер», «Қазақстаның рухани киелі жерлері», «Қазақстанның сакралдық географиясы» «Қазақстанның 100 жаңа есімі» «Ауыл – ел бесігі» атты тақырыптары бойынша Республика жоғары оқу студенттері мен магистранттарына арналған студенттік жұмыстарға (шығармалар) конкурс  жарияладық. Алматы қоғамдық даму басқармасы КММ «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Г.К. Конырова қолдап, Конкурс комиссиясының құрамына енді. Бірінші кезеңі бойынша тәжірибеміз бар, 20 сәуіріне дейін қабылданған жұмыстардың жалпы қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Сапасына қарай жинақ шығаруды жобаладық.

Жалпы профессор-оқытушылар сыртта да көптеген іс шараларға қатысуда. Биыл ҚазИТУ өткізген «Рухани жаңғыру»: ұлт сапасы және білім беру» атты халықаралық-ғылыми практикалық конференцияға (25.11.20), «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты дөңгелек үстелге (24.02.2021), Қазақстанның 7 томдық тарихын жазуға  қатысты жиындарға қатынасты. Қарағанды облыстық әкімшілігінің тапсырысымен «Сарыарқа» телеканалының түсірген «Дәуір даналары» атты деректік фильмге, сондай-ақ Астанадан «Абай ТВ» телеканалының тарихи деректік фильм түсіруге, тарихи тақырыптарға қатысты жеке сұхбаттарға профессор-оқытушыларымыз қатынасуда.

 «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЕҢБЕКТЕРІН ШЫҒАРУ МӘСЕЛЕСІ ДЕ БАР...

«Рухани Жаңғыру» бағытында университетімізде атқарылған шаралар, профессор-оқытушылар құрамының баспасөзде, әлеуметтік желілердегі құнды ой-толғамдары, пікірлері, ғылыми-танымдық, талдамалық мақалалары негізінде жинақ жасау жобасын бастадық. Одан бөлек 2021 жылдың Университет басылымы жоспарына «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы тақырыбында «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінен білімін тереңдетіп оқыту мақсатында студенттерге арналған екі оқу құралын енгіздік: Авторлары: Толенова З.М. «Рухани жаңғыру»: Киелі Қазақстан – тарихи таным мен санадағы серпіліс нышаны («Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсы бойынша). Оқу құралы. 6 баспа т. Қазақ тілінде; Утегалиева А.Д. Программа «Рухани жаңғыру»: сакральные места Казахстана – духовные истоки казахов. 7 баспа т. Орыс тілінде.

Қорыта айтқанда, «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмысы оны жандандыру мәселелері университетімізде оң жолға қойылған. Кезінде тәрбие жұмысы жөніндегі проректорымыз Серік Қапанұлының бастамасымен арнайы жасақталған кабинетіміз бар. Оған қатысты да жасалатын жұмыс жоспарларымыз тұр. Кабинетімізді 100 оқулықпен толықтырдық. Бұл біздің білім беру шаңырағымыздың мемлекетіміздің сара саясаты болып табылатын «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына терең мән беріп отырғанының дәлелі және  одан әрі қолдайтынына сенімдіміз.

Болат КАБДУШЕВ

«Рухани Жаңғыру» жобалық

кеңсесінің жетекшісі

 

 

 

ENERGO UNIVERSITY