Қиясов Қазақстандағы карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді

Қиясов Қазақстандағы карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді

14.04.2021 Барлық жаңалықтар


ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерлан Қиясов «ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулысына өзгеріс енгізді. Өзгеріске сәйкес, енді анықтама ұсынбаған жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызуға жіберілмейді.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы тұрғындарының арасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша карантиндік шараларды қатаңдату туралы» қаулыға ад өзгеріс енді.

«Карантиндік шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды», - делінген жаңа қаулыда.

Ал карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды.

Сонымен бірге, халыққа вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және екпе алу процесін жеңілдету мақсатында жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыруға жол беріледі.

«Егу бригадасы әрбір егу пунктінде 1 бригадаға күнделікті жүктемені ескере отырып – 300 екпеден асырмай құрылады. Бұл ретте, 1 егу бригадасының құрамына 1 дәрігер, 1 егу мейіргері және қажет болған жағдайда 1 тіркеуші кіреді. Ауылдық жерлерде құрамында: 1 фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда), 1 егу мейіргері, қажет болған жағдайда 1 тіркеуші бар егу бригадасын ұйымдастыруға жол беріледі», - делінген қаулыда.

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 14 сәуір күні сағат 00:00-де күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Ақпарат көзі