«Математикалық олимп-2021» университет олимпиадасының жеңімпаздары

«Математикалық олимп-2021» университет олимпиадасының жеңімпаздары

21.04.2021 Барлық жаңалықтар


«Математика ойдың дәлдігін, дәлелдеу логикасына бағынуды, қатаң негізделген шындық ұғымын үйретеді және мұның бәрі, бәлкім, жеке тұлғаны музыкадан гөрі жақсырақ қалыптастырады»

© Александр Данилович Александров

Барлық мамандықтардың бірінші курс студенттері «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасы ұйымдастырған пәндік олимпиадада өздерінің эрудициясы мен математикалық қабілеттерін тексере алды.

«Математикалық олимп-2021» ­­- биылғы студенттер үшін басты зияткерлік сайыс. Олимпиадаға қатысушылар математикадан дайындықтың жоғары деңгейін растайды. Біз математика сияқты іргелі ғылымға студенттердің қызығушылығын оятқымыз келеді», - деп атап өтті кафедра меңгерушісі Мәншүк Жұмамұратқызы Байсалова.

Олимпиаданың нәтижелерін бағалайтын комиссия құрамына «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасының қызметкерлері - профессор Мәншүк Жұмамұратқызы Байсалова (төрайым), доцент Аида Жайлауқызы Масанова және аға оқытушы Бағила Жақсылыққызы Төлеуова кірді.

Олимпиаданы ұйымдастыруға келесі оқытушылар көмектесті: доцент Гульмира Қажымұратқызы Василина, доцент Жазира Жумагуловна Кожамкулова, аға оқытушы Гульбану Амирбековна Рысбекова және оқытушы Абай Құнанбайұлы Кунанбаев.

Зияткерлік жарысқа дайындық екінші семестрдің басынан басталды, АЭжБУ студенттері кафедраның тәжірибелі педагогтерінің жетекшілігімен жаттықты. Бірінші орындар үшін Google Meet платформасында онлайн режимде 31 студент сайысқа түсті. Әр қатысушы 140 балмен бағаланған бес тапсырманы орындауы тиіс болатын. Нәтижесінде, ең мықтылар жеңіске жетті.

«Математикалық олимп-2021» математикалық олимпиадасының жеңімпаздары:

1-орын – Санжар Турусбек, ЭЭк-20-7 тобының студенті;

2-орын – Меруерт Алшынбаева, РЭТк-20-2 тобының студенті;

3-орын – Дінмұхамед Асымов, РЭТк-20–8 тобының студенті;

Нурғиса Битимбаев, ПСк-20-1 тобының студенті;

Мәншүк Жұмантаева, АУк-20-2 тобының студенті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Оларға таңдаған мамандығы бойынша үлкен биіктерге жетуді тілейміз!

«Математика және математикалық модельдеу» кафедрасы