Студенттер, Қазақстанның үздік компанияларында мансап құрыңыздар.Онлайн режимінде бос орындар жәрмеңкесі өтті

Студенттер, Қазақстанның үздік компанияларында мансап құрыңыздар.Онлайн режимінде бос орындар жәрмеңкесі өтті


23.04.2021 Барлық жаңалықтар


Ұлттық компанияға жұмысқа орналасу үшін не істеу керек? Жас мамандарға арналған қандай бағдарламалар бар? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға 2021 жылғы 23 сәуірде сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін жаңа форматтағы ZOOM онлайн платформасында жұмыс берушілер АЭжБУ студенттеріне бос орындар жәрмеңкесінде тікелей эфирде жауап берді.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (бұдан әрі – АЭжБУ) 150-ден астам студенттері мен түлектері онлайн режимде бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Шараны ұйымдастырушы АЭжБУ Мансап орталығы. Студенттер барлық жұмыс берушілерді жылы қабылдады, іс-шара аяқталғанға дейін тікелей эфирге қосылушылар саны азайған жоқ, бұл ұйымның жоғары деңгейін көрсетеді.

Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей эфирде тілдесіп, оларға өздерін қызықтырған сұрақтар қоя алды.

«Біз тұрақты негізде бос орындар жәрмеңкесін өткіземіз. Біздің басты міндетіміз студенттерді Қазақстандағы жетекші компаниялармен таныстыру. Біз үшін студенттеріміздің тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға шақырылуы өте маңызды», деп атап өтті Академиялық мәселелер департаментінің директоры Руфина Ринатовна Мухамеджанова.

АЭжБУ студенттері бос орындар жәрмеңкесінде Halyk kazteleport, JTI, Huawei Technologies Kazakhstan, lux-telecom, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ Izbasar, Bolashak Group, AQTechno, Danon компанияларындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы білді. Жұмыс берушілер өз кезегінде онлайн режимінде жас мамандармен өздерінің кадрлық резервін қалыптастыру үшін сөйлесе алды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде студенттер Қазақстанның ұлттық компанияларында мансапты қалай сауатты құру керектігін, сондай-ақ жұмыс іздеу технологиялары, цифрлық этикет және интернет-кеңістікте тиімді коммуникация дағдылары туралы білді.

Студенттерді компаниялардағы мансаптық перспективалар, тағылымдамаларды ұйымдастыру детальдары, сондай-ақ жұмыс берушілердің жас қызметкерлерді дамытудағы тәжірибелері қызықтырды. Қатысушылар одан әрі ынтымақтастық үшін байланыс орнатып, жұмысқа орналасуды және тағылымдаманы талқылады.

 

ENERGO UNIVERSITY