Әріптестерімді Отан Қорғаушылар Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әріптестерімді Отан Қорғаушылар Күнімен шын жүректен құттықтаймын!


06.05.2021 Барлық жаңалықтар


Қазақстанның халқын, тәуелсіздігі мен егемендігін қорғайтын айбынды армиямыз - Отанымызға адалдық пен батылдықтың көрінісі.

1992 жылы 7 мамырда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бері бұл күні дәстүр бойынша әскери атақтар беріліп, еліміздің әскери қызметшілеріне наградалар табыс етіледі.

Отан қорғаушылар күні - бұл патриотизм, ерлік пен ар-намыс мерекесі. Сіздер білім беру жүйесінде жастармен жұмыс істегендіктен, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу бойынша игі миссияны атқарасыздар.

Өскелең ұрпаққа табандылықты, ел намысын қорғауды үйреткен ардагерлерге үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Ер адам - отбасының қорғаушысы. Сондықтан нағыз еркектерді тәрбиелеген аналарға ерекше алғысымды білдіремін!

Батылдық, ерлік және қаһармандық тек бейбіт уақытта және тек бейбіт мақсатта қолданылғанын қалаймын!

Күніміз бейбіт, аспанымыз ашық, ісіміз жеңісті болсын!

Құрметпен,

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры,

профессор Сауле Саветовна Сагинтаева