ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


09.05.2021 Барлық жаңалықтар


БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Жеңіс Күні бәріміз үшін айрықша қымбат, маңызды мереке. Бұл мереке –  жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. 

Жетпіс алты жыл бұрын біздің ардагерлеріміз фашизмге қарсы тойтарыс берді. Екінші дүниежүзілік соғыста көптеген отандастарымыз қаза тапты. Сол күндердің қайғылы оқиғалары әр отбасына әсер етті.

9 мамыр – жарқын және сонымен бірге қайғылы мереке. Бізге туған жерімізде еркіндікте өмір сүруге мүмкіндік берген Отан қорғаушылардың батылдығы мен ерлігін әрқашан есте сақтайтын боламыз. Жас ұрпақ екінші дүниежүзілік соғыстың қасіретті күндерін естерінде мәңгі сақтамақ.

Ұлы мереке қарсаңында баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала берсін!

Баршаңызға бейбітшілік пен бақыт тілеймін! Баршаңызды 9 мамыр –    Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Құрметпен,

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры,

профессор Сауле Саветовна