БАТЫРЛАРҒА МЫҢ ТАҒЗЫМ!

БАТЫРЛАРҒА МЫҢ ТАҒЗЫМ!


11.05.2021 Барлық жаңалықтар


«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық бөлімшесі «АЭжБУ»  бастауыш партия ұйымының мүшелері мен Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Кәсіподақ комитетінің өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еңбек майданының қатысушылары В.Н. Константиновты, А.А. Сазонованы, А.А. Гайсинді,Н.А. Кетованы, интернационалист жауынгерлер П.И. Сагитовты,Е.М. Нұрпейісті Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры, профессор Сауле Советовна Сагинтаеваның атынан ардагерлеріміз бен еңбек майданының қатысушыларына құттықтау хаттар табыс етіліп, Жеңіс күніне арналған құттықтаулар айтылды! Сондай-ақ, партия ұйымы мен университеттің кәсіподақ комитеті азық-түлік жиынтығын табыс етті.

Ардагерлерімізді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

9 мамыр — әрқайсымыздың өміріміздегі ең басты, қасиетті күн. Бұл  халқымыздың өз өмірін аямай Отанын қорғап, Еуропаны фашизмнен азат еткен даңқты батырлардың ерлігі үшін шексіз қуанышы мен мақтанышы күні. Біз олардың ерлігін, борышына деген адалдығын және өз Отанына деген махаббатын мәңгі есімізде сақтаймыз.

9 мамыр Жеңіс күнін тойлай отырып, біз соғыс ардагерлеріне Жеңіс үшін алғыс айтамыз!

Соғыс 30 миллион кеңес адамдарының, соның ішінде миллионға жуық қазақстандықтардың өмірін қиды. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл туралы әрдайым жадымызда ұстау. Жылдар өтіп, ұрпақтар ауысуда, бірақ біздің халқымыздың Ұлы Жеңісі туралы естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Осындай ең сұрапыл соғыстардың майдан даласында соғысқан, тылда еңбек етіп, жеңіс қаруын жасағандарға үлкен құрметпен бас иеміз!

 «Нұр Отан» партиясы

Бостандық аудандық бөлімшесінің «АЭжБУ» БКҰ төрағасы,

 с.ғ.д., Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры   

А.Т. Мухамбедьярова

 

ENERGO UNIVERSITY