«KAZENERGY» қауымдастығы техникалық мамандықтар бойынша білім алатын Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында мерейтойлық «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық конкурсын өткізеді

«KAZENERGY» қауымдастығы техникалық мамандықтар бойынша білім алатын Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында мерейтойлық «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық конкурсын өткізеді


19.05.2021 Барлық жаңалықтар


«KAZENERGY» қауымдастығы техникалық мамандықтар бойынша білім алатын Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының  студенттері арасында мерейтойлық «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Мерейтойлық Конкурс әріптестікте және «Шелл Қазақстан Б..В.» қаржылық қолдауымен өткізіледі.

Конкурс шеңберінде жобалардың паспорттарын әзірлеу кезеңінде «Shell Nxplorers» онлайн вебинары, конкурс тақырыптары бойынша жобаларға/идеяларға тәуелсіз сараптама, конкурстық қазылар алқасы алдында жобаларды қорғау кезеңінде презентациялық бейнеролик дайындау, әрбір кезеңде командалардың консультациясы көзделген.

2021 жылы конкурс жеңімпаздарын кәсіби кеңес беру мен диагностикадан, сондай-ақ менторлықтан тұратын ақылы цифрлық тағылымдама күтеді.

Конкурсқа қатысу үшін бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқитын 18-25 жас аралығындағы студенттік командалар шақырылады. Команда қазақстандық жоғары оқу орындарының бірін ұсынуы тиіс (әртүрлі мамандықтар мен оқу курстарына рұқсат етіледі). Әр ЖОО-дан бірнеше команда қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін келесі шарттарды орындау қажет:

1. 3-тен 5 адамға дейін команда құру;

2. Капитанды таңдап, командаға атау беру;

3. Жоба/идеяларға (энергетика, мұнай-газ және тау-кен өндіру салалары, қоршаған ортаны қорғау/экология) арналған конкурстың бағыты мен тақырыбын айқындау;

4. Жобаны/идеяны қолдау бойынша ғылыми жетекшіні және/немесе менторды таңдау;

5. ЖОО-дан әрбір студенттің (команда мүшесінің) Т.А.Ә., факультет, мамандық және оқу курсын көрсете отырып, оқығанын растау туралы анықтама алу;

6. Команда капитаны сайтта Конкурсқа өтінім беру үшін сауалнаманы бірінші болып толтырады: www.kazenergy.com - Қызмет - Білім беру бағдарламасы - Командалық конкурстар - SECH-2021 командаларын қазақ немесе орыс тілінде тіркеу, содан кейін команданың әрбір мүшесі жеке сауалнаманы толтырады. Команданы тіркеу команданың барлық мүшелері сауалнаманы толтырғаннан кейін жүзеге асырылады. Командаларды тіркеу 2021 жылдың 20 сәуірінен 31 мамырына дейін ашық.

Конкурсты ұйымдастыру мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: +7 7172 790174 немесе e-mail: sech2021@kazenergy.com.

ENERGO UNIVERSITY