2021 жылғы 27 мамырда Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ мен "COMPUTER SERVICES LTD" ЖШС арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

2021 жылғы 27 мамырда Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ мен


27.05.2021 Барлық жаңалықтар


Меморандумның мақсаты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады, онда тараптар бұдан әрі келесі бағыттарда өзара іс-қимыл жасауға ниеттенеді::

- университет қызметкерлері мен студенттерінің біліктілігін арттыруға бағытталған бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру;

- семинарлар, конференциялар және басқа да білім беру іс-шараларын бірлесіп ұйымдастыру ;

-білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне бірлесіп басшылық ету, оның ішінде дипломдық жобаларға басшылық ету;

- білім алушылардың практикалары мен тағылымдамаларын бірлесіп басқару;

- ынтымақтастық процесінде келісілген өзара қатынастардың өзге де түрлері.

Меморандумда айтылған қадамдарды жүзеге асыруға қатысты "COMPUTER SERVICES LTD" ЖШС компаниясымен келесі ұсыныстар жасалды:
- университеттің 3 оқытушысы және/немесе студенті үшін 3 ай мерзімге Coursera Plus жазылымы. Бұл жазылым Coursera.org платформасындағы курстардың, жобалардың, мамандықтар мен сертификаттаудың 90%-дан астамына қол жеткізуге мүмкіндік береді . жазылым алушы өзі үшін ең қызықты курстарды өзі таңдап, жазғы кезеңде біліктілігін арттыра алады.
- университеттің 3 оқытушысы және/немесе студенті үшін udemy.com платформасындағы кез-келген курстар төленеді,  бұл сайттағы курстардың құны 13 доллардан 50 долларға дейін өзгереді. Алушы өзіне ұнайтын тақырыптарды таңдай алады.

"Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік" кафедрасының студенттері осы дайындық курстары бойынша оқығысы келетіндерге өз топтарының эдвайзерлеріне жүгінулері қажет.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ "COMPUTER SERVICES LTD" ЖШС компаниясына біздің университетте білім алушылар мен оқытушыларға қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді.

ENERGO UNIVERSITY