Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсының 2 кезең нәтижесі

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсының 2 кезең нәтижесі


21.05.2021 Барлық жаңалықтар


ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің  22.02.2021 жылғы №14-2/331-1-ВН: хатына сәйкес ҚР жоғары оқу орындарындағы техникалық ғылымдар мен технологиялар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын өткізу бойынша базалық ЖОО ретінде Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті «5В071700 – Жылу энергетикасы» мамандығы және «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша конкурстың 2-кезеңінің нәтижелері туралы хабарлайды.

Олимпиаданың II кезеңінің қорытындысы бойынша келесі студенттерге ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапаттауға ұсыну туралы шешім қабылданды:

1 орын - Октябр К.А., Имашев Ж.А., Абзалов Р.Г., Сапарғали М.А., Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 4 курс студенттері;

2 орын - Сатымгалиева М.Б., Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 3 курс студенті;

2 орын - Мануленко А.И., Тайтенов Р.К., Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің 2 және 3 курс студенттері;

3 орын -  Рахымберлинова А.А., Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің  4 курс студенті;

3 орын - Пантелеев М.А., Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 2 курс студенті;

3 орын - Серікболқызы Ұ., К.И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық ғылыми-зерттеу университетінің 3 курс студенті.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға алдағы уақытта да сәттілік пен жеңістер тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY