26.05.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылғы 25 мамырда Украинада Қазақстан мен Украинаның «Экономиканы декарбонизациялау және жасыл қаржыландыру» атты алғашқы климаттық диалогының ашылуы болды
Форум аясында «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің» ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева және «Украина Ұлттық Ғылым академиясының жалпы энергетика институты» директорының орынбасары Сергей Валентинович Шульженко ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.
Тараптар ынтымақтастықты дамытуға және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) мемлекеттерінде қолданылатын практикаға сәйкес энергетика саласын жоғары әлемдік деңгейде дамыту перспективалары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды орындауға уағдаласты.
Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес әріптестер келесі бағыттар бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді жоспарлайды: отын-энергетика кешенін ұзақ мерзімді дамытуды зерттеу әдістері мен құралдарын әзірлеу және жетілдіру; салааралық және салалық құрылымдық жылжуларды ескере отырып, энергетикалық тиімділік көрсеткіштері мен энергия тұтыну деңгейлерін айқындаудың ғылыми негіздерін әзірлеу; көмір өнеркәсібінің дамуын экономикалық зерттеу және болжау; энергия-экономикалық талдау әдістері мен құралдарын әзірлеу және өндірісті басқару құрылымы мен режимдерін оңтайландыру.
Сондай-ақ, өнеркәсіпке ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту және енгізу саласындағы бірлескен қызметті жүзеге асыру; ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетігін құру және енгізу; семинарлар, конференциялар, тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.