ЛЮБОВЬ ПАВЛОВНА БОЛДЫРЕВАНЫ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ЛЮБОВЬ ПАВЛОВНА БОЛДЫРЕВАНЫ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


27.05.2021 Барлық жаңалықтар


Бүгін Электр техникасы кафедрасының аға оқытушысы Любовь Павловна Болдырева өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Любовь Павловна Алматы энергетикалық институтын «Электр жүйелері және желілері» мамандығы бойынша аяқтады.

1984 жылдан 1998 жылға дейін «Қазақ мемлекеттік коммуналдық құрылысты жобалау институтында» жетекші инженер болып жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Электр техникасы кафедрасында жұмыс істейді. Любовь Павловна университеттегі мансабын ассистенттен бастады. Қазіргі таңда аға оқытушы қызметін атқарады.

Любовь Павловна Болдырева біздің университетімізде өзін педагогикалық, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарайтын сауатты, білікті маман ретінде көрсетті. Өзінің мансабында ол 45-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектер жариялады, олардың ішінде 2 оқу құралы бар.

Тіршілік қауіпсіздігі, Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету, Электр энергетикасы сияқты мамандықтар бойынша жоғары кәсіби деңгейде дәрістер оқиды, практикалық және зертханалық сабақтар өткізеді.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге әрі қарай белсенді ғылыми ізденіс, дарынды оқушыларды, үлкен жеке бақыт, зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

ENERGO UNIVERSITY