Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ басшылығы «Capture The Flag» жеңімпазы Елдос Нұрекенді құттықтады

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ басшылығы «Capture The Flag» жеңімпазы Елдос Нұрекенді құттықтады


22.06.2021 Барлық жаңалықтар


Capture The Flag жарысы Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында 2021 жылғы 27-29 мамыр аралығында оффлайн форматта өтті. Жарыс үзіліссіз 36 сағатқа созылды.

Бұл жарысқа «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығында, МСИБн-19-1 тобында оқитын, 2-курс магистранты Елдос Нурекен қатысып, Rubik CTF ақпараттық қауіпсіздік бойынша турнирде екінші орынға ие болды.  Елдос жалғыз өзі 937 ұпай жинап, осы жарыста өз позициясын сақтай отырып, сенімді жеңіске жетті.

21.06.2021 жылы Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ басшылығы жеңімпазды жеке құттықтап, естелік сыйлықтар мен диплом тапсырды, сондай-ақ онымен ұқсас жарыстарға студенттерді даярлауда бірлескен ынтымақтастық туралы келісті. 

ENERGO UNIVERSITY