АЭжБУ - МЭИ бірлескен желілік білім беру бағдарламасы

АЭжБУ - МЭИ бірлескен желілік білім беру бағдарламасы


22.06.2021 Барлық жаңалықтар


Сіз АЭжБУ-да білім ала отырып, келесі бағыттар бойынша бакалаврларды даярлаудың білім беру бағдарламасы арқылы екінші жоғары білім ала аласыз:

38.03.01-Экономика.

Оқыту Ресей Федерациясының мемлекеттік үлгідегі дипломын бере отырып, «АЭжБУ» КеАҚ-мен келісілген Ресейдің жоғары білімінің Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес «МЭИ» Ұлттық Зерттеу университетінің бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Шартқа сәйкес желілік бағдарламаға түсу құқығына «МЭИ» ҰЗУ түсу емтихандарын сәтті өткен АЭжБУ студенттері ие болады.

Оқу мерзімі-үш жыл үш ай (АЭжБУ 2, 3 және 4-курстары).

МЭИ бітіру біліктілік жұмысын қорғау (АЭжБУ бітіру жұмысы негізінде орындалады) АЭжБУ базалық мамандығы бойынша дипломдық жұмысты қорғағаннан кейін бейнеконференция форматында жүргізіледі.

Ескерту: құжаттарды тапсыру мерзімі-01.07.2021 жылға дейін.

Байланыс телефондары:

8(701)7347758

8(702)5475045

 

 

ENERGO UNIVERSITY